spot_img
Сенбі, Қараша 23, 2024
-3.8 C
Kokshetau

Елордада көпірден секірген жүкті әйелдің жағдайы қалай

Сондай-ақ...оқыңыз

Нұр-Сұлтан қаласының денсаулық сақтау басқармасы елордада көпірден секіріп кеткен жүкті әйелдің жағдайы туралы мәлімет берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қалалық денсаулық сақтау басқармасы баспасөз қызметінің хабарлауынша, әйелдің құрсағындағы баласы әзірге аман.

– Жағдайы тұрақты. Медицина қызметкерлерінің бақылауында, тексеруден өтіп жатыр. Бейінді мамандардың барлық қажетті көмегін алып жатыр, – деді қалалық денсаулық сақтау басқармасының өкілдері. 

Еске сала кетейік, кеше елордалық полицейлер өзенге секірген жүкті әйелді құтқарған болатын.

3 қазан күні астаналық полицей Алмаз Құлтанов Қабанбай батыр даңғылында қызмет бабымен жүріп, сағат 12:20 шамасында «Рамстор» сауда үйі маңындағы Есіл өзенінің көпірінде бейтаныс қыздың әдеттен тыс әрекеттерін байқап қалады.

Кенет қыз сырт киімдерін шешіп, суға секіруге әрекеттенеді. Ол дереу жедел басқару орталығының кезекшісіне хабарлап, өзі көпірге қарай беттейді.

Ол кезде әйел де суға секіріп үлгерген еді. Құлтанов та оның артынан суға секіреді.

– Тәртіп сақшысы әйелге дейін жүзіп барып, киімінен ұстап, жағаға қарай бет алды. Осы кезде серіктері Асылхан Нұрмұхамбетов құтқару шеңберін лақтырып, Нұрсұлтан Сариев те серігіне көмектесу үшін суға секірді, – деп жазады Polisia.kz.

Бұған дейін дәрігерлер елордадағы көпірде жол апатынан аман қалған 18 жастағы қыздың жағдайы туралы да айтқан болатын.

Естеріңізге сала кетейік, сол кездегі апат салдарынан 5 адам қаза тапты.

- Жарнама -spot_img

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Балалар дұрыс сөйлеуді үйренуге арналған шеберлік сабағы

"Көкше" мәдениет үйінде  "Сахна тілі" және әдеби оқу үйірмелерінің жүргізушілері Амина Касенова мен Алена Тищенко балалардың сауатты сөйлеуі мен...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img