spot_img
Сенбі, Қараша 23, 2024
-7 C
Kokshetau

29 қыркүйекке арналған ауа райы болжамы

Сондай-ақ...оқыңыз

«Қазгидрометтің» хабарлауынша, орталық және оңтүстік-батыста жаңбыр жауып, найзағай күтіледі. Тек қана батыста ғана солтүстік антициклон әсерінен жауын-шашын жаумайды.

Барлық өңірде жел күшейеді, оңтүстікте шаңды дауыл тұрады, солтүстікте және шығыста тұман, солтүстікте көктайғақ, оңтүстікте найзағай болады.

Солтүстік Қазақстан облысында желдің жылдамдығы 15-20 м/с жетеді. Түнде облыстың оңтүстік-батысында желдің екпіні 25 м/с күшейеді.

Қостанай облысында жел 15-20 м/с артып, өңірдің батысында, солтүстік-батысында тұман, көктайғақ күтіледі.

Жамбыл облысының оңүстік-батысында және таулы аудандарында шаңды дауылмен бірге жел күшейеді. Күндіз облыстың шығысында және таулы аудандарында найзағай болады.

Ақмола облысының солтүстік-батысында тұман, көктайғақ болады. Өңірдің солтсүтігінде жел 15-20 м/с күшейеді.

Шығыс Қазақстан облысының батысында, солтүстігінде, солтүстік-шығысында жел 15-20 м/с жетеді.

Күндіз Павлодар облысының солтүстігінде, солтүстік-шығысында және солтүстік-батысында тұман күтіледі, күндіз облыстың оңтүстігінде желдің күші 15-20 м/с артады.

Қызылорда облысының солтүстік-батысында найзағай күтіледі, орталығында 15-20 м/с екпінде жел соғады.

Күндіз Түркістан облысының таулы аудандарында, Ақтөбе облысының солтүстік-шығысында, Қарағанды облысының оңтүстік және шығысында жел 15-20 м/с күшейеді.

- Жарнама -spot_img

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Балалар дұрыс сөйлеуді үйренуге арналған шеберлік сабағы

"Көкше" мәдениет үйінде  "Сахна тілі" және әдеби оқу үйірмелерінің жүргізушілері Амина Касенова мен Алена Тищенко балалардың сауатты сөйлеуі мен...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img