spot_img
Сенбі, Қараша 23, 2024
-7 C
Kokshetau

Ақмола облысының оқу орындарында Тәуелсіздік жетістіктеріне арналған ашық сабақтар өтті

Сондай-ақ...оқыңыз

Өңірдің 553 мектебі мен 32 колледжінде «Тәуелсіздік жетістіктері» – «Достижения Независимости» тақырыбымен ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған бірыңғай ашық сабақтар өтті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі Ақмола облыстық ішкі саясат басқармасына сілтеме жасап.

Білім басқармасынан атап өткендей, сабақ барысында оқушыларға Егемен Қазақстанның жетістіктері, көп ғасырлық тарихы, елдің көпқырлы мәдени мұрасы, республиканың саяси тұрақтылығы мен әлеуметтік-экономикалық дамуы, Қазақстанның Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың мемлекеттің қалыптасуы мен дамуындағы сіңірген еңбектері туралы айтылды.

Ашық сабақтарға қонақ ретінде еңбек ардагерлері, аудандардың, қалалардың құрметті тұрғындары, Ақмола облысы мен елдің дамуына елеулі үлес қосқан қоғам қайраткерлері шақырылды. Облыс орталығының білім беру ұйымдарында ашық сабақтар топтамасы №5 «Таңдау» көпсалалы гимназиясынан басталды. Іс-шара барысында тарих пәнінің мұғалімі Әлия Ахетова оқушыларға еліміздің жетістіктері, мемлекеттің саяси және әлеуметтік реформалары, тарихы, Қазақстан халқының бірлігі туралы айтып берді.

«Биыл біз еліміз үшін маңызды оқиға – Тәуелсіздіктің 30 жылдығын атап өтеміз. Осы кезеңде республика көптеген бағыттар бойынша үлкен жетістіктерге жетті. Бүгін біз бүкіл әлемге танымал елге айналдық», – деп бөлісті 10-сынып оқушысы Жаннатбек Мәмиев. Осы тақырыптағы кездесулердің тағы бірі техникалық және кәсіптік білім беретін жетекші ұйымдардың бірі – Көкшетау жоғары техникалық колледжінде өтті. Оған педагогикалық еңбек ардагері, «Ыбырай Алтынсарин» төсбелгісінің иегері Александр Кранин қатысты. «Биылғы жыл біздің еліміздің тарихында маңызды күн – Тәуелсіздіктің 30 жылдығымен ерекшеленеді. Бүгін мені көп жылдар бойы жұмыс істеген колледжге шақырды. Мен үшін жас ұрпақпен кездесу, балаларға техникалық және кәсіптік білімнің қалыптасуы, осы саладағы жоғары жетістіктер туралы еске алу және айту үлкен мәртебе», – деді Еңбек ардагері.

Бұл жоба облыстың білім беру ұйымдарының 140 мыңға жуық оқушылары мен студенттерін қамтыды. Сабақтарда еліміздің өткені мен бүгіні туралы белсенді пікірталас өткізілді, балалар өздерін қызықтырған сұрақтарын қойды. Сабақ соңында оқушылар Қазақстанның жаңа тарихын білуге арналған онлайн-тесттен өтті. Барлық сабақтар санитарлық-эпидемиологиялық нормаларды сақтай отырып өткізілді.

 

- Жарнама -spot_img

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Балалар дұрыс сөйлеуді үйренуге арналған шеберлік сабағы

"Көкше" мәдениет үйінде  "Сахна тілі" және әдеби оқу үйірмелерінің жүргізушілері Амина Касенова мен Алена Тищенко балалардың сауатты сөйлеуі мен...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img