spot_img
Сенбі, Қараша 23, 2024
-7 C
Kokshetau

Ақмола оқу орындарында Ыбырай Алтынсариннің 180 жылдығына арнап іс-шаралар өткізілуде

Сондай-ақ...оқыңыз

Ыбырай Алтынсариннің 180 жылдығына арналған онкүндік аясында Ақмола облысының білім беру ұйымдарында мектеп оқушыларын, колледж студенттерін, ата – аналар қауымдастығын тарта отырып, «Ы. Алтынсариннің мұрасы-мәңгілікке қазына» атты сыныптан тыс тақырыптық іс-шаралар өткізілді,-деп хабарлайды «Aqmola News» ақпарат агенттігі.

Іс-шаралар дәстүрлі түрде де, Zoom платформасы арқылы онлайн форматта да өтті. Жалпы қамту 170 мыңнан астам оқушылар мен студенттерді, 800 мыңға жуық педагог пен 2300-ге жуық ата-аналар қауымдастығының өкілдерін құрады.
Ұлы жазушыға арналған «Қазақ даласының алғашқы ұстазы» тақырыбында мектеп оқушылары мен студенттер арасында өткізілген презентациялар байқауын, оқушылар шешендік өнерде және Ы. Алтынсариннің шығармаларын мәнерлеп оқуда жарысқан «Сөз құдіреті», «Кел, балалар, оқылық» атты мәнерлеп оқу сайысын ерекше атап өткен жөн.


«Ыбырай Алтынсариннің ұлы мұрасы», «Ы. Алтынсариннің шығармашылығы» атты ақпараттық сағаттарын өткізу барысында білім алушылар мен студенттер ұлы ұстаздың еңбектерін талдап және тест тапсырмаларына жауап бере отырып, өздерінің шығармашылық қабілеттерін көрсете білді.
Бастауыш сынып оқушылары үшін сынып жетекшілері «Ы. Алтынсариннің балалық шақ әлеміне саяхат» атты саяхат сабақтарын өткізіп, сабақ барысында балаларды ұлы ағартушының өмірімен таныстырды. Шығармалар негізінде суреттер, аппликациялар, композициялар жасалды.
Облыстың білім беру ұйымдарының кітапханашылары жазушының шығармашылық қызметі туралы фото, кітап көрмелерін ұйымдастырып және оқушылармен танымдық викториналар, шығармаларға шолу өткізді. Сондай-ақ слайд – презентациялар, бейнероликтер тиімді пайдаланылды.
Гуманитарлық бағыттағы пән мұғалімдері онлайн форматта ата-аналар қауымдастығын тарта отырып, «Ұлттың ұлы ұстазы» атты әдеби кештер ұйымдастырып, өткізді.
Осындай іс-шаралар оқушыларға, студент жастардың ата-аналарына Ыбырай Алтынсариннің педагогикалық мұрасының тарихымен жақынырақ танысуға көмектеседі. Ы. Алтынсарин Қазақстан Республикасының дамуында өшпес із қалдырды және әлі күнге дейін жас ұрпаққа үлгі болып қала бермек.

- Жарнама -spot_img

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Балалар дұрыс сөйлеуді үйренуге арналған шеберлік сабағы

"Көкше" мәдениет үйінде  "Сахна тілі" және әдеби оқу үйірмелерінің жүргізушілері Амина Касенова мен Алена Тищенко балалардың сауатты сөйлеуі мен...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img