spot_img
Жұма, Мамыр 23, 2025
13.5 C
Kokshetau

Ақмола облысында туризм саласының үздік қызметкерлері марапатталды

Сондай-ақ...оқыңыз

Ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығы және Дүниежүзілік туризм күні аясында өңірде туристік және қонақ үй саласының белсенді өкілдерін құрметтеуге арналған салтанатты іс-шара өтті, деп хабарлайды ішкі саясат басқармасы.
Іс-шара барысында қатысушылар мен қонақтар үшін Ақмола облысының туризм саласындағы жетістіктері туралы көрме және өңірдің туристік әлеуеті туралы имидждік роликтерді бейнетрансляциялау ұсынылды.
Облыс әкімінің орынбасары Қанат Ыдырысов жиналғандарды құттықтай отырып, туристік сала өңір экономикасының маңызды салаларының бірі болып табылатынын атап өтті.
«Облыстың туристік кластерінде Бурабайда және Зерендіде ғана емес, басқа да аудандарда жұмыс істейтін 500-ден астам кәсіпорын бар. Туризм субъектілеріне пандемия кезінде олар қабылданып жатқан карантиндік шараларға алғашқылардың бірі болып үн қосқаны үшін алғыс білдіргім келеді. «Ashyq» жобасы аясында қызметкерлердің ғана емес, қонақтардың да қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін белсенді қатысты», – деп атап өтті аймақ басшысының орынбасары.
Іс-шараға қатысушыларды «Kazakh Tоurism» ҰК» АҚ басқарма төрағасының орынбасары Қайрат Сәдуақасов та кәсіби мерекелерімен құттықтады.
«Мен туризмде жұмыс істейтін адамдар бақытты деп санаймын. Біз демалысты, жағымды ұмытылмас сезімдерді сыйлаймыз. Мен біздің саланың дамып, үлкен өршіл жобалардың жүзеге асуын тілеймін», – деді құрметті қонақ.
Марапаттау рәсімі жағымды миссия болды. Ақмола облысы әкімінің, ҚР Мәдениет және спорт министрлігі Туризм индустриясы комитетінің, «Kazakh Tоurism» ҰК» АҚ-ның алғыс хаттарымен туризм саласының 20 өкілі марапатталды.
Олардың арасында Щучье-Бурабай курорттық аймағындағы «Байтас» қонақ үйінің директоры Дастан Керімбаев, Зерендідегі «Aurora Garden» отбасылық демалыс орталығының директоры Замира Шураева, «Скаут тур» ЖШС бас хатшысы, Ақкөл ауданындағы Scout Glamp глэмпингінің негізін қалаушы Ильдар Катенов, Сандықтау ауданындағы «Қанағат» кешенінің директоры Елена Чечушкова, Целиноград ауданындағы «Green Park» демалыс базасының басшысы Асқар Қожахметов бар.
Айта кетейік, туризм күні қарсаңында облыста туризмнің қоғамдық онкүндігі жарияланды. Оның шеңберінде экологиялық акциялар, Оқжетпес жартасына шығу өтті, Көкшетау қаласының мұражайларында ашық есік күні және басқа да іс-шаралар жоспарланған.

- Жарнама -spot_img

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Көкшетаулық оқушы биология пәні бойынша халықаралық олимпиадада күміс жүлде жеңіп алып, Қазақстан құрамасының жеңісіне үлес қосты

Көкшетау қаласының №8 орта мектептің 10-сынып оқушысы Егор Менгулов Сочи қаласында (Ресей) 2025 жылғы 10–17 мамыр аралығында өткен биология...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img
Яндекс.Метрика