spot_img
Жексенбі, Сәуір 20, 2025
24.2 C
Kokshetau

Көкшетауда ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі өткізіледі

Сондай-ақ...оқыңыз

Алдағы сенбі күні Көкшетауда ауыл шаруашылығы тауар өндірушілерінің қатысуымен жәрмеңке ұйымдастырылмақ. Облыстың бірнеше ауданы мен Көкшетау қаласының кәсіпкерлері қатысатын шарада азық-түлік пен көкөніс өнімдері нарық бағасынан әлдеқайда төмен бағада қою жоспарланған, деп хабарлайды «Aqmola News».

25 қыркүйек күні таңғы сағат 8.00-де Көкшетау қаласында «ТӘУЕЛСІЗДІК» алаңында өтетін жәрмеңкеге Аршалы, Ақкөл, Біржан сал, Бұланды, Қорғалжын, Шортанды, Ерейментау, Целиноград, Көкшетау қаласы «КОКЅҺЕ» ӘКК ҰК» акционерлік қоғамы ауыл шаруашылық тауар өндірушілері өз өнімдерін ұсынбақ.

Жәрмеңке барысында 100-ден астам ірілі-ұсақтау тауар өндірушілер 125,3 миллион теңгенің 76 тоннадан астам өнімдерін саудаға шығарады.

«Қала тұрғындары мен қонақтары жергілікті өндірушілердің 50-ден астам азық-түлік түрлерін сатып ала алады. Бағалар нарықтық бағадан 10-15% – ға төмен. Облыс аграршылары 37 тонна ет және шұжық өнімдерін, 1,5 тонна балық, 150 мың дана жұмыртқа, 10,7 тонна сүт және сүт өнімдерін, 5,0 тоннадан астам ұн, 14,5 тонна картоп, көкөніс және басқа да өнімдер әкеледі», – делінген баспасөз хабарламасында.
Ауыл шаруашылығы өнімдерімен қатар  саудаға жеміс ағаштары мен бұта тұқымдарының көшеттері, отын, пішен, астық қалдықтары сатылымға шығарылады.

- Жарнама -spot_img

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

«ШӘМШІ» ЭЛЕГИЯСЫ КӨКШЕТАУДА!

2025  жылы 1 мамыр күні Қалибек Қуанышбаев атындағы Қазақ ұлттық музыкалық драма театры Көкшетау қаласының тұрғындары мен қонақтарының назарына...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img
Яндекс.Метрика