spot_img
Дүйсенбі, Шілде 7, 2025
22.2 C
Kokshetau

Головкиннің шаршы алаңға қашан оралатыны белгілі болды

Сондай-ақ...оқыңыз

Орта салмақта IBF белбеуінің иегері, қазақстандық Геннадий Головкин келесі кездесуін желтоқсан айында өткізеді. Бұл туралы Sportarena.com порталы хабарлады.

Промоутер Том Леффлердің айтуынша, Головкиннің қарсыласы белгісіз. Ал оның Сауль Альвареспен үшінші кездесуі 2022 жылы өтуі мүмкін.

«Қазір Головкин Лос-Анджелес қаласында. Шаршы алаңға жылдың соңында оралуға ниетті. Бірақ, әлі ешқандай келісімшарт жасалмады. Бірақ, жылдың соңында ол шаршы алаңға шыққысы келеді», – деді Леффлер.

«Альварестің DAZN платформасымен келісімшарты бар кезде оның қарсыласы Головкин болуы керек еді. Алайда 2019 жылы ол кездесу өтпей қалды. Бұл Головкиннің кінәсі емес. Олардың кездесуі енді 2022 жылы өтетін шығар», – деді промоутер.

Бұған дейін Головкиннің қарсыласы орта салмақта WBA (Regular) белбеуінің иегері, жапониялық Риота Мурата болуы мүмкін деген ақпарат шыққан еді.

- Жарнама -spot_img

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Қопа көлі жағасы тағы бір домбыраның сазына шалқыды

Ұлттық Домбыра күніне орай Ақмола облысында бұрын-соңды болмаған көлемде ұйымдастырылған домбырашылар флешмобы – көпшіліктің жүрегіне ұмытылмас әсер сыйлады. Құрманғазының...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img
Яндекс.Метрика