spot_img
Жексенбі, Қараша 24, 2024
-7.9 C
Kokshetau

Жүкті әйелдерде коронавирус ауыр жүреді – дәрігер

Сондай-ақ...оқыңыз
 Жүкті әйелдерде коронавирус және басқа респираторлық аурулар неғұрлым ауыр жүреді және асқынуы мүмкін. Жүкті әйелдерді емдеу тәсілі әртүрлі. Бұл туралы Алматы қаласы Перинаталдық орталығының акушер-гинеколог дәрігері Әсел Омарқұлова онлайн брифингте айтты.

Оның айтуынша, дәрігер жүкті әйелдердің ағзасы суық тиюге, жұқпалы ауруларға, оның ішінде КВИ-ге аса сезімтал болатынын айтады.

Жүкті әйелдер арасында коронавиурстың таралуына келсем, ол ағзаға ауа арқылы және тұрмыстық жағдайда ауырған адамнан жұғады. Вирус ағзаға түскен соң көптеген өзгеріс шақырады, яғни жергілікті және иммундық. Жергілікті бұл қан құрамындағы гемостаздық қалыпты жағдайын бұзады. Қан тамырлары қабырғасының өткізгіштігін жоғарылатады. Ағзаға оттегінің толыққанды жетпеуіне байланысты көптеген қан тамырында макро және микро тромптар түзіледі, оның арты асқынуға әкеледі, – дейді ол.

Жүкті әйелде инкубациялық мерзім 2-14 күн аралығында дамуы мүмкін. Вирус жұққанда кейде белгісі білінбейді, ол тек тест алғанда ғана анықталады екен. Ал сиптомды кезде ол жоғары тыныс алу жолдарын зақымдаса, фарангит, ренит белгілерімен көрінеді. Ал төменгі тыныс алу жолдары мен өкпе қабынса, ол пневмонияның белгісімен және басқа да мүшелерді зақымдайды. Асқазан жолдарын зақымдаса, онда гастрит, жүйке жүйеде неврит, миды зақымдаса – менингит белгілерімен көрінуі мүмкін.

Сонымен қатар ол Алматының Перинаталдық орталығында биыл КВИ жұқтырған 279 жүкті әйел дәрігерлердің бақылауында болғанын жеткізді.

Орталықтың инфекциялық бөлімінде 279 жүкті әйел мен 8 жаңа туған нәресте емделді, 191 әйел босанды. Дәрігерлер жүктілігі 22-ден 33-ші аптаға дейінгі босану қаупі жоғары әйелдерді бақылауда ұстап, емдеді, – дейді ол.

Ә. Омарқұлова, сондай-ақ, жүкті және бала емізетін аналарды коронавирустан емдеу ерекшеліктері туралы айтты.

Жүктілік кезінде өсіп келе жатқан нәресте әйелдің өкпесі мен жүрегіне қысым жасай бастайды, бұл қан айналымын қиындатады. Егер болашақ ана COVID-19-бен қатты ауырса, бұл оның жағдайын нашарлатып, тыныс алуын қиындатады. Мұндай жағдайларда дәрігерлер әйелді ауруханада өте мұқият бақылайды. Әдетте, мұндай науқастарда тыныс жетіспеушілігінің тез дамуы, түсік түсіру және мерзімінен бұрын босану қаупінің жоғарылауы байқалады. Перинатальды асқынулардың даму қаупі өте жоғары, – деді гинеколог.

Оның айтуынша, жедел түрде ауруханаға жатқызудың негізгі көрсеткіші – дене қызуы мен 5 күн бойы 38С және одан жоғары температура, қызу түсіретін препараттарға төзімді, қалыпты тұрмыстық жүктеме кезінде ентігу, сөйлеу, ауру сипаты үдеуі, сатурацияның төмендеуі екен.

COVID-19-бен ауыр және өте ауыр жағдайдағы жүкті әйелдерді, босанған және жаңа босанған әйелдерді Алматы қаласының Перинаталдық орталығының акушер-гинекологы, перинатальды, неонатальды және реанимациялық терапия мамандарынан тұратын көпсалалы топ бақылап, олардың тез сауығуы үшін қолдан келгеннің бәрін жасайды.

 

- Жарнама -spot_img

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Балалар дұрыс сөйлеуді үйренуге арналған шеберлік сабағы

"Көкше" мәдениет үйінде  "Сахна тілі" және әдеби оқу үйірмелерінің жүргізушілері Амина Касенова мен Алена Тищенко балалардың сауатты сөйлеуі мен...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img