spot_img
Жексенбі, Мамыр 25, 2025
6.3 C
Kokshetau

Биыл елімізде 30 мыңнан астам балаға жүзу үйретілді

Сондай-ақ...оқыңыз

Елімізде балалардың судағы қауіпсіздігін қамту мақсатында оларды жүзуге үйрету қолға алынды. Биылғы шомылу маусымында еліміз бойынша 32 850 бала суда жүзуге үйретіліпті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Шомылу маусымында тұрғындар арасында 1 млн 139 мың 935 дана су қауіпсіздігі ережесі жазылған парақша таратылды. Одан бөлек, халықпен су қауіпсіздігі тақырыбына арналған 5 314 жиын өткізілді. Сонымен қатар біздің мамандар жергілікті атқарушы органдармен бірлесіп 32 850 баланы жүзуге үйретті. Аталған жұмысқа 17 943 волонтер тартылды», – деді ҚР Төтенше жағдайлар министрлігі азаматтық қорғаныс және әскери бөлімдер комитетінің басқарма басшысы Қанат Тұрысбаев ОКҚ-де өткен баспасөз мәслихатында.

Сондай-ақ, басқарма басшысы қоғамдық орындарда болу қағидатын бұзу жайғдайы туралы айтты. «Біздің министрлік ІІМ-мен, жергілікті атқарушы органдар және волонтерлермен бірлесіп 76 649 рейд және патруль жүргізді. Осы орайда қоғамдық орындарда болу қағидаларын бұзу фактісі бойынша 4 788 адам әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Және ортақ суды пайдалану қағидаларын бұзу бойынша 5 781 адамға ескерту жасалып, 172 азаматқа айыппұл салынды», – дейді ол.

Бұған дейін Қ. Тұрысбаев балалардың суға кетуіне қатысты қайғылы оқиғалардың 82 пайызында ата-анасы қараусыз қалдырған деп мәлімдеді.

 

- Жарнама -spot_img

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Еңбегімен ел мерейіне бөленген ұстаз

Нұрия Жаңабаева Көкшетау қаласы №6 мектеп-лицейінде 1992 жылдан бастап қызмет атқарып келеді. Ол отыз алты жыл бойы ұстаздықтың қыр-сырын...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img
Яндекс.Метрика