spot_img
Сенбі, Тамыз 2, 2025
16.9 C
Kokshetau

15 қыркүйекке арналған ауа райы болжамы

Сондай-ақ...оқыңыз

Синоптиктер сәрсенбі, яғни 15 қыркүйекке арналған ауа райы болжамын жариялады.

«ҚР басым бөлігінде, антициклон әсерінен жауын-шашынсыз ауа райы сақталады. Атмосфералық фронталды бөліктердің өтуімен Қазақстан Республиканың солтүстік, солтүстік-батыс, батыс және оңтүстігінде жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Күндіз республиканың солтүстік, солтүстік-батыс, батыс, оңтүстік-шығыс, оңтүстік-батысында жел екпіні күшейеді», – делінген «Қазгидромет» РМК баспасөз хабарламасында.

Атап айтқанда, күндіз Батыс Қазақстан облысының басым бөлігінде жел екпіні 15-20 м/с дейін күшейеді.

Күндіз Ақмола облысының батысында, Қостанай облысының солтүстік-батысында найзағай ойнап, жел екпіні 15-20 м/с дейін күшейеді. Түнде Қызылорда облысының солтүстігінде найзағай ойнап, күндіз жел екпіні 15-20 м/с дейін күшейеді.

Күндіз Солтүстік Қазақстан облысының оңтүстігінде, Жамбыл облысының солтүстік-шығыс, оңтүстік-батысында жел екпіні 15-20 м/с дейін күшейеді.

Түнде Қарағанды, Шығыс Қазақстан облыстарының солтүстік-шығысында 3 градус үсік сақталады.

«Алматы, Жамбыл, Түркістан, Қызылорда, Маңғыстау,  Атырау,  Ақтөбе облыстарының басым бөлігінде, Қостанай, Қарағанды облыстарының солтүстік-батыс және батысында, Батыс Қазақстан облысының солтүстік-шығыс және оңтүстігінде, Шығыс Қазақстан облысының оңтүстігінде, Павлодар облысының орталығында, Ақмола облысының солтүстік-батысында  төтенше өрт қауіпі сақталады», – делінген хабарламада.

- Жарнама -spot_img

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

ОКҚ жанында Жалған ақпаратқа қарсы күрес жөніндегі орталық іске қосылды

Қазақстан Республикасы Президент жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінің құрылымында Жалған ақпаратқа қарсы күрес жөніндегі орталық жұмысын бастайды. Жаңа құрылым азаматтардың сенімді...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img
Яндекс.Метрика