spot_img
Жексенбі, Сәуір 20, 2025
4.1 C
Kokshetau

Ақмолалық диқандар егіннің 80 пайызға жуығын жинап алды

Сондай-ақ...оқыңыз

Ақмола облысының диқандары күзгі егін орағы жұмыстарының 81,1 пайызын еңсерді, деп хабарлайды  облыстық ауыл шаруашылығы басқармасының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ведомствоның мәліметінше, бүгінгі күнге дейін облыста 3673,7 мың гектар алқаптың егіні орылып, оның 2938,9 мың гектары бастырылды.

Бұл – тиісінше барлық егіс алқабының 81,1 пайызы болып отыр.

«Облыс бойынша әр гектардан орта есеппен 8 центнерден астық жиналуда. Ал, астықты өңірлер Сандықтау және Зеренді аудандарында бұл көрсеткіш 11,2-10,8 центнерден асып отыр. Орақ науқанының 84,7 және 80,7 пайызын еңсерген Есіл және Жақсы аудандарының диқандары көш бастап келеді»,- деп көрсетілген хабарламада.

Еске сала кетсек, биылғы жылы облыс бойынша себілген ауыл шаруашылығы дақылдарының жалпы көлемі 4530,4 мың гектарды құрайды. Оның ішінде дәнді және дәнді бұршақ дақылдары, майлы дақылдар, мал азығы, картоп және көкөніс бар.

 

- Жарнама -spot_img

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

«ШӘМШІ» ЭЛЕГИЯСЫ КӨКШЕТАУДА!

2025  жылы 1 мамыр күні Қалибек Қуанышбаев атындағы Қазақ ұлттық музыкалық драма театры Көкшетау қаласының тұрғындары мен қонақтарының назарына...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img
Яндекс.Метрика