spot_img
Бейсенбі, Тамыз 21, 2025
21.2 C
Kokshetau

#ауылфутбол: Ақмола облысында ауыл балаларына арналған футбол турнирі өтеді

Сондай-ақ...оқыңыз

Ақмола облысында ауыл балаларына арналған Sun Finance Cup кезекті футбол турнирі өтеді. Турнир 19 қыркүйек күні басталады, деп хабарлайды «Aqmola News»ақпарат агенттігі. 

Жарысқа барлығы 8 команда, яғни 100 бала қатысады. Бұл Маңғыстау және Ақтөбе облысынан кейін ұйымдастырылып отырған үшінші аймақтық турнир. Жеңімпаздарға бағалы сыйлықтар табысталады. Одан өзге «Үздік бомбардир», «Үздік қақпашы», «Үздік қорғаушы», «Үздік шабуылшы» және «Үздік ойыншы» номинациялары бойынша үздік ойыншылар анықталып, марапатталады.

Жалпы #ауылфутбол жобасы 2020 жылдың қаңтар айында Алматы облысының Райымбек ауылында басталған болатын. Белгілі журналист, әлеуметтік белсенді Серік Мәмбетов ауыл балалары арасында бұқаралық спортты насихаттауға, оның ішінде футболды дамытуға тікелей бастамашы болып келеді. Жобаның негізгі идеясы – ауылдағы балалар футбол командаларына қолдау жасау.

 

- Жарнама -spot_img

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Жолдау-2024 жүзеге асыру: МӘМС жүйесімен қосымша 1 млн-нан астам адам қамтылады

Мемлекет басшысының Жолдауын және өзге де тапсырмаларын орындау шеңберінде Үкімет медициналық көмектің қолжетімділігін арттыру үшін міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img
Яндекс.Метрика