Қазгидромет 10 қыркүйекке арналған ауа райы болжамын жариялады.
Атмосфералық ауа ағындарының өтуіне байланысты еліміздің орталығында, солтүстіктігінде, шығыста, оңтүстіктің таулы аудандарында, күндіз найзағай жарқылдап, жаңбыр жауады, таңертең және күндіз Жамбыл облысының таулы аудандарында және тау бөктерінде нөсер жаңбыр, бұршақ жаууы ықтимал.
Тек Қазақстанның оңтүстігі мен батысында антициклон жотасының ықпалымен жауын-шашынсыз ауа райы сақталады. Республиканың басым бөлігінде жел 15-20 м/с, солтүстігінде, солтүстік-батысында жел 23-28 м/с күшейеді. Еліміздің оңтүстік-батысында, шығысында жекелеген аудандарда тұман түсуі мүмкін. Түнде солтүстік-батыста, батыста, күндіз Ақмола облысының басым бөлігінде найзағай жарқылдайды, желдің жылдамдығы 15-20 м/с, ал облыстың солтүстігі мен оңтүстік-шығысында екпіні 25 м/с жетеді. Қостанай облысының солтүстік-батысында, солтүстігінде найзағай, бұршақ күтіледі, басым бөлігінде жел 15-20 м/с күшейеді, күндіз облыстың оңтүстік-шығысында екпіні 23-28 м/с жетеді. Солтүстік Қазақстан облысының батысында, солтүстігінде найзағай, түнде батысында, күндіз басым бөлігінде желдің жылдамдығы 15-20 м/с, оңтүстік-батысы мен оңтүстігінде екпіні 25 м/с.
Шығыс Қазақстан облысының батысы мен солтүстік-шығысында түнде 2 градус үсік жүреді, Қарағанды облысының солтүстігінде 2 градус үсік сақталады. Алматы, Жамбыл, Түркістан, Қызылорда, Маңғыстау, Атырау, Ақтөбе, Қостанай, Қарағанды облыстарының басым бөлігінде, Батыс Қазақстан облысының солтүстік-шығысы мен оңтүстігінде, Шығыс Қазақстан облысының оңтүстігінде өрт қаупі бар.