spot_img
Сәрсенбі, Қаңтар 14, 2026
-30.8 C
Kokshetau

3 қыркүйекке арналған ауа райы болжамы

Сондай-ақ...оқыңыз

Синоптиктер жұма, яғни 3 қыркүйекке арналған ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды «Aqmola News» «Қазгидромет» РМК баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«Антициклон жотасы республиканың басым бөлігіне әсер етеді, жауын-шашынсыз ауа райы болады. Тек батыс өңірлер циклон жырасының ықпалында болады және атмосфералық фронтальды бөлімдері бар республиканың батысында және оңтүстік-шығысында жаңбыр, найзағай ойнайды, күндіз еліміздің батысында қатты жаңбыр жауады. Республика бойынша жел күшейеді, оңтүстік-батысында шаңды дауыл соғады, оңтүстік-шығысында, батысында бұршақ жауып, орталықта тұман түседі», – делінген хабарламада.

Батыс Қазақстан облысынының солтүстік-батысында найзағай ойнайды, бұршақ жауып, жел күшейеді, найзағай кезінде екпіні 15-20 м/с болады.

Атырау облысының батысы және орталығында найзағай ойнап, жел күшейеді, найзағай кезінде екпіні 15-20 м/с болады.

Күндіз Ақтөбе облысының оңтүстігінде шаңды дауыл соғады, түнде батысында, күндіз басым бөлігінде жел 15-20 м/с күшейеді.

Түнде Маңғыстау облысының солтүстік-батысвнда, күндіз солтүстік-шығысында шаңды дауыл соғады, батысында, солтүстік-шығысында жел 15-20 м/с күшейеді.

Алматы облысының орталығы мен таулы аудандарында найзағай ойнап, бұршақ жауады, найзағай кезінде жел 15-20 м/с күшейеді.

Жамбыл облысының солтүстік-шығысында, оңтүстік-батысында, Түркістан облысының таулы аудандарында, Қарағанды облысының оңтүстік-шығысында, күндіз Қызылорда облысының орталығында, Қостанай облысының батысында, Солтүстік Қазақстан облысының солтүстігінде жел 15-20 м/с күшейеді, түнде және таңертең Қарағанды облысының солтүстігінде тұман түседі.

Павлодар облысының батысында, солтүстігінде және шығысында топырақ бетінде 2 градус үсік түседі.

Маңғыстау облысында, Атырау, Батыс Қазақстан, Ақтөбе, Түркістан, Қызылорда, Жамбыл облыстарының басым бөлігінде, Қостанай, Қарағанды облыстарының оңтүстік-батысында, Алматы облысының солтүстік-батысында және оңтүстігінде, Шығыс Қазақстан облысының оңтүстігінде, Ақмола облысының оңтүстік-батысында төтенше өрт қаупі сақталады.

- Жарнама -spot_img

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Мәжіліс депутаттары Көкшетаудағы аутизммен ауыратын балаларды қолдау орталығының жұмысымен танысты

12 қаңтар, Көкшетау. Мәжіліс депутаттары, «AMANAT» партиясы фракциясының мүшелері Айна Мысырәлімова, Наталья Дементьева және Юлия Кучинская Көкшетау қаласындағы аутизммен...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img
Яндекс.Метрика