spot_img
Сейсенбі, Шілде 8, 2025
21.2 C
Kokshetau

Көкшетауда ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі ұйымдастырылды

Сондай-ақ...оқыңыз

Қазақстан Республикасының Конституциясы күні қарсаңында Көкшетауда «Тәуелсіздік» алаңында ауыл шаруашылығы тауар өндірушілерінің ұйымдастыруымен жәрмеңке ұйымдастырылды. Жәрмеңкеге облыстың тоғыз ауданы мен Көкшетау қаласының кәсіпкерлері өз өнімдерін ұсынды, деп хабарлайды «Aqmola News».

Барлық санитарлық-эпидемиологиялық талаптар сақталған жәрмеңке өнімдері нарық бағасынан 10-15 пайыз төмен бағаға қойылды.

«Бүгінгі жәрмеңке Астрахан, Атбасар, Жарқайың, Егіндікөл, Есіл, Жақсы, Бурабай, Зеренді, Сандықтау аудандары мен Көкшетау қаласы ауыл шаруашылығы тауар өндірушілері және «Көкѕһе» ӘКК АҚ қатысуымен қала тұрғындарына қолайлы бағада ұйымдастырылып отыр. Жалпы 70 мың тоннадан астам 85 миллион теңгенің өнімдері ұсынылды. Атап айтқанда, 35 мың тонна ет өнімдері, 8 мың тонна сүт өнімдері, 8 мың тонна ұн, 15 мың тонна картоп пен көкөністер, 10 мың тоннадан астам жұмыртқа саудаланды. Жәрмеңкеде барлық санитарлық нормалар қатаң сақталды. Жәрмеңкеге өту «Ashyq» қосымшасы арқылы жүзеге асырылды, – дейді Ауыл шаруашылығы басқармасы басшысының орынбасары Мұрат Іргебаев.

Жәрмеңке кезінде өнімдерді сатып алған тұтынушылардың өнімдерін ұлттық сараптама орталығының Ақмола облысы филиалының зертхана қызметкерлері тексерістен өткізді.

Жәрмеңке кезінде сондай-ақ тұрақтандыру қорының өнімдері де сатылды.

Ауыл шаруашылығы өнімдерінен басқа, жәрмеңкеде жеке меншік сектор тұрғындары үшін шөп, астық қалдықтары, ағаш көшеттері, ағаштан жасалған бұйымдар, бакалея өнімдері ұсынылды

- Жарнама -spot_img

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Қопа көлі жағасы тағы бір домбыраның сазына шалқыды

Ұлттық Домбыра күніне орай Ақмола облысында бұрын-соңды болмаған көлемде ұйымдастырылған домбырашылар флешмобы – көпшіліктің жүрегіне ұмытылмас әсер сыйлады. Құрманғазының...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img
Яндекс.Метрика