spot_img
Жексенбі, Қаңтар 18, 2026
-17.8 C
Kokshetau

Көкшетауда азық-түлік жәрмеңкесі өтеді

Сондай-ақ...оқыңыз

Ағымдағы жылғы 28 тамызда Көкшетау қаласында «Тәуелсіздік» алаңында Ақмола облысының Астрахан, Атбасар, Жарқайың, Егіндікөл, Есіл, Жақсы, Бурабай, Зеренді, Сандықтау аудандары мен Көкшетау қаласының және «Көкѕһе» ӘКК АҚ ауыл шаруашылығы тауар өндірушілерінің қатысуымен ауыл шаруашылығы жәрмеңкесін өткізу жоспарлануда.деп хабарлайды «Aqmola News».

Аталған жәрмеңкеде өңірдің 100-ден астам ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілері 120,7 млн.теңге сомасына 75 тоннадан астам өнім ұсынады. Қала тұрғындары мен қонақтары жергілікті өндірушілердің 50-ден астам азық-түлік түрлерін сатып ала алады. Бағалар нарықтық бағадан 10-15% – ға төмен.

Облыс аграршылары 50 тонна ет және шұжық өнімдерін, 0,4 тонна жаңа балық, 4,3 мың дана жұмыртқа, 4,0 тонна сүт және сүт өнімдерін, 5,0 тоннадан астам ұн, 11,3 тонна картоп, көкөніс және басқа да өнімдер әкеледі.
Ауыл шаруашылығы өнімдерінен басқа жеміс ағаштары мен бұта тұқымдарының көшеттері, отын, пішен, астық қалдықтары сатылымға шығарылады.

- Жарнама -spot_img

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Ақмола облысында халықтың ауыз сумен қамтылуы 100 пайызға жетті

Ақмола облысының энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасының мәліметінше, өңір халқының су құбыры қызметтеріне қолжетімділігі 100 пайызды құрады. 36...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img
Яндекс.Метрика