spot_img
Сенбі, Қараша 23, 2024
-5.7 C
Kokshetau

Қосшы қаласына әкім тағайындалды

Сондай-ақ...оқыңыз

Ақмола облысының әкімі Ермек Маржықпаевтың өкімімен Қосшы қаласының әкімі тағайындалды, деп хабарлайды облыстық ішкі саясат басқармасының баспасөз қызметі.

Ғайдар Қасенов Атбасар ауданының тумасы. С.Сейфуллин атындағы аграрлық университетті, Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетті, Халықаралық бизнес академиясын тәмәмдаған. Экономика ғылымдарының кандидаты.

Еңбек жолын 1998 жылы Астана қаласы Алматы ауданы әкімі аппаратының бас маманы болып бастаған. 2001 жылдан 2006 жылға дейін коммерциялық құрылымдарда басшылық лауазымдарда жұмыс істеді. 2006-2008 жылдары Астана қаласы Алматы ауданы әкімінің орынбасары, кейін аудан әкімі қызметтерін атқарған. 2008-2015 жылдары «Қазтеміртранс»АҚ Корпоративтік даму жөніндегі вице-президенті болып жұмыс істеді. Тағайындалғанға дейін Ақмола облысы Шортанды ауданының әкімі болып еңбек етті.

Еске сала кетейік, 2021 жылғы 27 шілдеде ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Ақмола облысының әкімшілік-аумақтық құрылысындағы өзгерістер туралы Жарлыққа қол қойды. «Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы» Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы Заңының 9-бабына сәйкес Ақмола облысының Целиноград ауданы одан облыстық маңызы бар қала мәртебесін алған Қосшы ауылын бөлу жолымен қайта ұйымдастырылды.

 

- Жарнама -spot_img

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Балалар дұрыс сөйлеуді үйренуге арналған шеберлік сабағы

"Көкше" мәдениет үйінде  "Сахна тілі" және әдеби оқу үйірмелерінің жүргізушілері Амина Касенова мен Алена Тищенко балалардың сауатты сөйлеуі мен...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img