spot_img
Дүйсенбі, Қазан 6, 2025
10.2 C
Kokshetau

Бүтін бір отбасын өрттен аман алып қалды

Сондай-ақ...оқыңыз

Ақмолалық пробация қызметкерлерінің батылдығының арқасында бір отбасының төрт бірдей мүшесі өрттен аман қалды, деп хабарлайды «Aqmola News» Ақмола облысы қылмыстық атқару жүйесі департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Сандықтау аудандық пробациясы қызметкері Сергей Шаповаловтың таңы әдеттегідей таң бозынан басталады. Осы қасиетінің арқасында ол бүтін бір отбасын ажалдан аман алып қалған.

«Маған 5-6 сағаттық ұйқы жетіп жатыр. Бала күнімнен ерте оянуды әдетке айналдырғанмын. Тұра сала сұп-суық сумен бастан төмен жуынып, таңғы ауамен жүгіріп келемін», – дейді Ақмола облысы қылмыстық атқару жүйесі, Сандықтау аудандық пробациясының қызметкері Сергей.

Дәл сол күні жылдар бойы қалыптасқан таңертең ертемен тұру қасиеті бір отбасының өмірін құтқарып қалды. Таңғы жаттығулар жасап жүрген ол үйлердің арасынан шыққан қою түтінді байқаған.

«Бұл кезде әрі жаздың ыстығында таң атпастан ешкім монша жағып немесе қоқыс тұтатпайтыны белгілі ғой. Ішім бір жамандықты сезіп, түтін шыққан үйге қарай тұра ұмтылдым. Барсам адамдар ұйықтап жатқан үйдің шатыры түгелдей отқа ораныпты», – дейді Сергей.

Бөтен үйдің ішінде көк түтіннің арасынан адамдарды іздеген Сергей төрт бірдей адамды үй ішінен алып шыққан. Одан кейін өрт сөндірушілер жеткенше алаулаған жалынды сөндіруге кіріскен.

- Жарнама -spot_img

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

«Чинсон» корей мәдени орталығының 35 жылдығы – достық пен татулықтың мерекесі

Көкшетаудағы «Қоғамдық келісім» мекемесінде «Чинсон» корей мәдени орталығының 35 жылдық мерейтойына арналған салтанатты шара өтті. Оған облыс әкімінің орынбасары...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img
Яндекс.Метрика