spot_img
Жексенбі, Шілде 6, 2025
28.2 C
Kokshetau

Қазақстанда ұшаққа мінер алдында жолаушылардың салмағы өлшенеді

Сондай-ақ...оқыңыз

9-31 тамыз аралығында Алматы мен Нұр-Сұлтан әуежайларында кәмелетке толған жолаушылардың салмағын ерікті түрде өлшеу шарасы қолған алынады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұшаққа мінер алдында салмақ өлшеу халықаралық әуе көлігі қауымдастығының (IATA) ережелерінде көзделген. Қазақстан әуежайлары да осы тәжірибені қолға алып отыр. Бұл шара бір жағынан ұшу қауіпсіздігін арттыру үшін, екінші жағынан статистикалық деректерді жинау үшін қажет.

«2021 жылғы 9-31 тамыз аралығында Алматы және Нұр-Сұлтан әуежайларынан ішкі және халықаралық рейстермен ұшатын 18 жастан асқан жолаушыларға ерікті салмақ өлшеу ұсынылады. Процедура бес жылда бір рет жүргізіледі», – деп хабарлады Air Astana. Әуе компаниясы салмақ өлшеудің билет құнына еш әсер етпейтінін мәлімдеп отыр.

 

- Жарнама -spot_img

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

«AMANAT» партиясы сайлауалды бағдарламасын жүзеге асыруда: Көкшетауда 150 орындық оңалту орталығы салынып жатыр

Көкшетау қаласында ерекше қажеттіліктері бар азаматтарға арналған заманауи оңалту орталығының құрылысы жалғасып жатыр. 150 орындық бұл жаңа нысан денсаулығын...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img
Яндекс.Метрика