spot_img
Сенбі, Қараша 23, 2024
-3.8 C
Kokshetau

Ақмола облысында «Тәуелсіздік құрдастары» жобасы басталды

Сондай-ақ...оқыңыз

Ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығы аясында Ақмола облысының жастар-ресурстық орталығы «Тәуелсіздіктің құрдастары»атты жобаны іске қосты.  Жоба Тәуелсіздіктің құрдасы болып табылатын, облыстың қоғамдық және мәдени өміріне белсенді қатысатын және қызметтің түрлі салаларында жетістіктері бар ақмолалықтармен кездесулер өткізуді көздейді, деп хабарлайды «Aqmola News» ішкі саясат басқармасына сілтеме жасап.

Жақында жоба аясында жастар ресурстық орталығының «Instagram» әлеуметтік желісіндегі ресми парақшасында «Аманат» еріктілер орталығының негізін қалаушы және жетекшісі, Шоқан Уәлиханов атындағы Көкшетау университеті ректорының көмекшісі Айжан Құсайыновамен тікелей эфирде кездесу өтті.

Спикер атап өткендей, еріктілер орталығы облыста екі жыл бойы жұмыс істеп келеді. Орталықтың командасы Шоқан Уәлиханов атындағы Көкшетау университетінің және көпсалалы колледжініңстуденттері болып табылатын 50 еріктіден тұрады. Волонтерлік орталық жұмыс істеген уақытта облыстың 200 мұқтаж отбасына көмек көрсетілді.

Сондай-ақ,  Айжан Құсайынова қатысушылармен қазіргі уақытта         «Мир меняют люди» атты еріктілер туралы кітап жазатынын және жақын арада кітап шығарылатынына үміттенетінін айтты.

«Мен еріктілерді, ғарыштық адамдар деп санаймын, мен оларға тағзым етемін. Бұл өз өмірінің бір бөлігін басқа адамдарға көмектесіп, әлемді жақсы жаққа өзгертетін адамдар. Осы мүмкіндікті пайдалана отырып, өзімнің барлық командама және бізге көмектесетін адамдарға үлкен алғысымды білдіргім келеді», – деді спикер.

Тікелей эфир барысында Айжан Құсайыноваға » Жастарға қандай кеңес бересіз?» сұрақ қойылды.

«Өзіңізге сеніңіз, өз ісіңізді жақсы көріңіз, жақсылық жолымен жүріңіз, сонда сіз жетістікке жетесіз. Алға жылжыңыз, Отанымыз – Қазақстан Республикасының гүлденуі үшін жұмыс істеңіз», – деп қорытындылады спикер.

- Жарнама -spot_img

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Балалар дұрыс сөйлеуді үйренуге арналған шеберлік сабағы

"Көкше" мәдениет үйінде  "Сахна тілі" және әдеби оқу үйірмелерінің жүргізушілері Амина Касенова мен Алена Тищенко балалардың сауатты сөйлеуі мен...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img