spot_img
Сенбі, Қараша 23, 2024
-7 C
Kokshetau

28 шілдеге арналған ауа райы болжамы

Сондай-ақ...оқыңыз

Синоптиктер сәрсенбі, яғни 28 шілдеге арналған ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды «Aqmola News».

«Антициклон жотасының әсерінен Қазақстан аумағының басым бөлігінде жауын-шашынсыз ауа райы болуы мүмкін. Тек еліміздің солтүстік, солтүстік-батыс, батыс және оңтүстік-шығысында атмосфералық фронталды бөліктердің өтуіне байланысты өткінші жаңбыр жауады, бұршақ болады. Республика бойынша кей жерлерде жел күшейіп, оңтүстік және оңтүстік-шығыста шаңды дауыл соғады», – делінген «Қазгидромет» РМК баспасөз хабарламасында.

Атап айтқанда, Жамбыл, Түркістан, Қызылорда облыстарының кей жерлерінде шыңды дауыл соғып, жел 15-20 м/с дейін, Түркістан облысында екпіні 23 м/с дейін соғады.

Күндіз Ақмола, Алматы, Қостанай, Солтүстік Қазақстан облыстарының кей жерлерінде бұршақ жауып, жел 15-20 м/с дейін күшейеді.

Қарағанды, Маңғыстау, күндіз Атырау, Ақтөбе облыстарының кей жерлерінде жел екпіні 15-20 м/с дейін жетеді.

Күндіз Жамбыл, Алматы облыстарында қатты ыстық сақталады.

«Қызылорда, Түркістан, Маңғыстау, Атырау, Жамбыл облыстарының басым бөлігінде, Алматы, Ақтөбе, Қарағанды облыстарының кей жерлерінде, Қостанай облысының оңтүстігінде, Ақмола, Шығыс Қазақстан облыстарының жекелеген аудандарында өте жоғары өрт қаупі сақталады», – делінген хабарламада.

- Жарнама -spot_img

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Балалар дұрыс сөйлеуді үйренуге арналған шеберлік сабағы

"Көкше" мәдениет үйінде  "Сахна тілі" және әдеби оқу үйірмелерінің жүргізушілері Амина Касенова мен Алена Тищенко балалардың сауатты сөйлеуі мен...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img