spot_img
Бейсенбі, Қыркүйек 11, 2025
9.5 C
Kokshetau

Мумбайда қатты нөсер салдарынан үй құлап, жеті адам қаза тапты

Сондай-ақ...оқыңыз

Жұма күні түнде Мумбайдағы тұрғын үй құлап, жеті адам қаза тапты, тағы үшеуі жарақат алған. Бұл туралы ҚазАқпарат ANI агенттігіне сілтеме жасап хабарлайды.

Қалалық полицияның мәліметіне сәйкес, оқиға қаланың шығысындағы Гованди ауданында болған. Үйдің қирауына қатты нөсерден туындаған су тасқыны мен балшық ағындары себеп болған. Бір тәулік ішінде қалада 380 мм-ге жуық жауын-шашын түсті. Шілде айының ортасында Үндістанның Батыс жағалауында, соның ішінде Мумбайда күшті муссондық нөсер маусымы басталды. 19 шілдеде Шамбур, Вихроли, Бхандпур аудандарында сел мен су тасқынынан туындаған ғимараттардың құлауынан Мумбайда 33 адам көз жұмды.

Қаланың ойпатты аудандары су астында қалды. Билік ұлттық әскери-теңіз күштерінен құтқару жұмыстарын жүргізуге көмек сұрады. Елдің батыс Әскери-теңіз қолбасшылығы құтқару топтарын жұмылдырды және азаматтық әкімшілікке көмек көрсету үшін әскери тікұшақтарды тартты.

 

- Жарнама -spot_img

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Көкшетауда облыс әкімі Марат Ахметжановтың төрағалығымен облыстық активтің отырысы өтті

Ақмола облысында Президент Жолдауының жүзеге асырылуы талқыланды Көкшетауда облыс әкімі Марат Ахметжановтың төрағалығымен облыстық активтің отырысы өтті, онда Мемлекет Басшысы...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img
Яндекс.Метрика