spot_img
Жексенбі, Наурыз 1, 2026
-30.8 C
Kokshetau

Президент эпидахуалды жақсартудың жұмыс жоспарын дайындауды тапсырды

Сондай-ақ...оқыңыз

Эпидемиолгиялық ахуалды жақсартудың тиісті жұмыс жоспарын дайындау қажет. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев еліміздегі санитарлық-эпидемиологиялық ахуал жөніндегі жұмыс кеңесінде осындай тапсырма берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Өңірлердің басым бөлігі қызыл аймақта. Ауыр және аса ауыр жағдайдағы науқастардың саны күн сайын көбейіп барады», -деген Президент жағдайды тұрақтандыру үшін жұмыс жоспарын жасап, сол бойынша әрекет ету керектігін атады.

«Ең өкініштісі, азаматтарымыздан айырылып жатырмыз. Сондықтан шұғыл түрде іс-шараларды қолдануымыз керек. Тиісті жұмыс жоспарын дайындап, оны міндетті түрде іске асыруымыз қажет», – деді Мемлекет басшысы.

Еске салсақ, Президент Қасым-Жомарт Тоқаев еліміздегі санитарлық-эпидемиологиялық ахуал жөнінде жұмыс кеңесін өткізіп жатыр. Жиынға Премьер-Министр, ведомстволардың басшылары, қалалар мен облыстардың әкімдері қатысуда.

Мемлекет басшысы коронавирус індетіне қарсы күрес жөніндегі шаралар туралы Үкіметтің есебін тыңдап, өңірлердегі жалпы жағдайды жақсартуға және Қазақстан азаматтарының денсаулығын сақтауға бағытталған үйлесімді іс-қимыл жоспары пысықтайды.

 

- Жарнама -spot_img

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Жаңа Конституция және жоғары білім: Көкшетауда болашақ бағыты талқыланды

Шоқан Уәлиханов атындағы Көкшетау университеті қабырғасында республикалық референдум аясында Қазақстан Республикасының Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбекпен жаңа...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img
Banner
Яндекс.Метрика