spot_img
Жұма, Қыркүйек 20, 2024
10.3 C
Kokshetau

Онлайн құрбан шалғандарға фото, видео-есеп міндетті түрде жолданады- Бас имам

Сондай-ақ...оқыңыз

Биыл барша мұсылмандардың ұлық мерекесі – Құрбан айт  шілде айының 20-22-сі күндеріне тура келуі ықтимал.  Осыған байланысты  өңірдің бас имамы Қуаныш Сәбит карантин уақытындағы «Құрбан шалу», «Айт намазы» сияқты мұсылман міндеттерін орындаудағы өзгерістер туралы айтып берді,-деп хабарлайды «Aqmola News» ақпарат агенттігі. 

Бас имамның айтуынша, биыл да Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы құрбан шалу рәсіміне қатысты бірқатар өзгерістерді бекіткен.

Соған сәйкес, 2021 жылы құрбан шалу рәсімін өткізу екі жолмен – онлайн режимде және санитарлық талаптарды сақтай отырып, рұқсат берілген жергілікті қасапханаларда офлайн, яғни дәстүрлі режімде жүзеге асырылады.

Егер кімде кім Құрбан шалу рәсімін жасағысы келсе,  www.qurban2021.kz сайты арқылы онлайн режимде тапсырыс бере алады. Бұл сайтта әркімнің өз тұрғылықты жері бойынша мәліметтер көрсетілген.

Өңірде құрбан шалу онлайн фарматта өткізіледі. Барлық рәсімдер қаладағы «Бижан» ет өндіру комбинатында жүргізіледі. Биылғы жылға белгіленген баға саясатына сәйкес, құрбандыққа шалынатын бір қойдың бағасы 70 мың теңге, ірі қара 450 000 мың теңгені құрап отыр. Ірі қара малын жеті адам бірлесіп құрбандыққа шалуына болады, сол себепті бір адамға 64 282 теңгеден келеді,-дейді Қуаныш Жұмабайұлы өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифинг барысында.

Тағы бір айта кететін жайт, республика бойынша мұқтаж отбасылар құрбандық етін алу үшін www.qurban2021.kz сайты арқылы биыл 17 шілде күні өтініш білдіре алады. Мұқтаж отбасылардың өтініштерін қабылдау, сараптау және құрбандық еттерін жеткізіп беру жұмыстарымен ҚМДБ-ның жергілікті өкілдіктері айналысады.

Негізінен, құрбандыққа шалынған малдың еті үшке бөлінеді. Бір бөлігі өз отбасына қалдырылса, екінші бөлігін ағайын туысына, ал үшінші бөлігі мұқтаждарға таратылуға тиіс. Бірақ тапсырыс онлайн қабылданғандықтан6 биыл малдың барлық бөлігі мұқтаждарға таратылады. Құрбан шалған адамға біз барлық ақпарат пен сурет, видео сияқты есепті міндетті түрде жолдаймыз,-деді бас имам.

Өңірдің бас имамының айтуынша, Ақмола мешіттерінің барлығында Айт намазы оқылады. 20 шілде күні таңғы 7-00-де басталатын намаз мешіттердің сыртында оқылуға тиіс. Айт намазына келген жамағат өзімен бірге жайнамазын алып келуге, маска тағып, ара қашықтықты сақтауға міндетті.

- Жарнама -spot_img

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Көкшетаудың 59 отбасы тұрғын үй сертификаттарын алды

  Көкшетау қаласында 59 отбасы азаматтарды қолдаудың мемлекеттік бағдарламасы аясында тұрғын үй сертификаттарын алды. Бұл маңызды бастама қаланың мұқтаж тұрғындарына...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img