Ақмола облысының 4-17 жас аралығындағы балалары түрлі шығармашылық бағытта тегін үйірмелерге қатыса алады. Қатысушылар үшін 58 тегін үйірме ұйымдастырылуда,-деп хабарлайды «Aqmola News»ақпарат агенттігі Мәдениет, архивтер мен құжаттамалар басқармасының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Басқармасы басшысы Айгүл Сабитованың айтуы бойынша, жобаның негізгі мақсаты: бір қадамдық қолжетімділікте орналасқан үйірмелерге тегін қатысуға мүмкіндік беру.
Шығармашылық үйірмелердің тізіміне келесілер кіреді: би, бейнелеу өнері, декоративтік-қолданбалы шығармашылық театр және кино, заманауи арт-индустрия, , вокалдық, аспаптық орындаушылық, халық аспаптары, музей ісі, әдеби үйірмелер, шығармашылық шеберханалар бар.
Жоба толық цифрлық форматта artsport.edu.kz порталында жүзеге асырылады. Қызмет көрсететін кәсіпкерлер порталға тіркеліп, өтінім жолдайды, сонымен қатар, шығармашылық үйірмелерге қатысу үшін ваучерлерді алу мақсатында балалардың ата-аналары, заңды өкілдері тіркеледі.
Барлық балалар үшін 58 бағыт бойынша үйірме қолжетімді болады.
Бағдарламаны жүзеге асыру үшін Ақмола облысында ағымдағы жылдың соңына дейін 134,5 млн.теңге бөлінді.
Барлық талаптарға сай кәсіпкерлер artsport.edu.kz порталында тіркеліп, өтініш қалдырады. Келісім берілгеннен кейін, ата-аналар порталда тіркеліп, өтініштерін қалдырады. Ваучер алғаннан кейін балалар шығармашылық үйірмелерге тегін қатысады, ал оқу үшін төлем кәсіпкерлерге мемлекеттен төленеді.