spot_img
Жұма, Мамыр 30, 2025
26.2 C
Kokshetau

Бассейн, фитнес, сауна, СПА қызметі: Жаңа қаулыға сәйкес қалай жұмыс істейді?

Сондай-ақ...оқыңыз

Ақмола облысында карантиндік шектеу шараларын қатаңдату туралы жаңа қаулыға сәйкес, бассейн, фитнес орталықтары мен сауна қызметтерінің қалай жұмыс істейтіні белгілі болды,-деп хабарлайды «Aqmola News».

Жаңа құжатқа сәйкес, фитнес орталықтары, йога орталықтары, жаттығу залдары мен спорт-сауықтыру орталықтарына алын ала жазылу бойынша 50 пайыздан артық толтырмай, бір адамға 5 шаршы метрден кем емес орынды қамтамасыз етіп, апта күндері сағат 20:00-ге дейін жұмыс істеуге рұқсат беріледі, сенбі-жексенбі және мереке күндері жабылады.

Ал сауна қызметі бір келушіге 4 шаршы метр орын бөлініп, 50 пайыздан артық толтырмай, жұмыс күндері сағат 20:00-ге дейін ашық болады, сенбі-жексенбі және мереке күндері жабылады.

СПА орталықтары да бір келушіге 4 шаршы метр орын бөлініп, әлеуметтік қашықтық сақталған жағдайда сағат 20:00-ге дейін жұмыс істейді және сенбі-жексенбі, мереке күндері жабық болады. Бассейндер жеке форматта бір адамға 5 шаршы метр су айдынын қамтамасыз ете алса, жұмыс күндері сағат 20:00-ге дейін ашық болады, сенбі-жексенбі, мереке күндері жабық болады.

«Ақмола облысы қалалары мен аудандарындағы Бас мемлекеттік санитарлық дәрігерлері қалыптасқан эпидемиологиялық ахуалға байланысты карантин шараларын күшейту туралы шешім қабылдауға құқылы. Меншік нысанына қарамастан, барлық жеке және заңды тұлғалар Қаулыны орындауға міндетті. Қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді», – деп жазылған құжатта.

 

- Жарнама -spot_img

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

«Халық заңгері» жалпыреспубликалық акциясы Қазақстанның барлық ірі қалаларында әзірленуде

«30 мамыр күні жергілікті уақытпен Қазақстанның барлық ірі қалаларында «Халық заңгері» жалпыреспубликалық акциясы басталады», деп хабарлайды . Акцияның мақсаты –...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img
Яндекс.Метрика