spot_img
Дүйсенбі, Қазан 7, 2024
11.6 C
Kokshetau

Целиноград ауданында іскер әйелдер бас қосты

Сондай-ақ...оқыңыз

Бүгін Целиноград ауданында «Іскер әйелдер қауымдастығы» қоғамдық бірлестігінің «Еңбегі жанған арулар» атты форумы өтті,-деп хабарлайды «Aqmola News» ақпарат агенттігі.

Маңызды шараға іскер әйелдер, азаматтық қоғам мен бизнес құрылым және жергілікті атқарушы орган өкілдері қатысты.

«Қазақстанның іскер әйелдер қауымдастығы» республикалық қоғамдық бірлестігі жұмыс істеп жатқанына 25 жыл толса, Целиноград ауданында аталмыш ұйымның нәтижелі жұмыс істеп жатқанына 5 жыл толды. Салтанатты шара осы даталарға орайластырылған. Келелі кеңесте гендерлік саясаттың жетістіктері, оны жүзеге асыру, әйелдердің мүмкіндіктерін нығайту мәселелері талқыланды.
Шара барысында «Қазақстанның іскер әйелдер қауымдастығы» ҚБ төрайымы, Президент жанындағы әйелдер істері және отбасы-демографиялық саясат мәселелері бойынша Ұлттық Комиссияның мүшесі Раушан Сәрсембаева еліміздегі іскер әйелдер мәртебесін нығайту, өңірдегі қоғамдастықтың өңір дамуына ықпалы жөнінде айтты. Бұдан әрі аудан әкімі Бахыдбек Оспанбеков жиналған көпшілікті құттықтап, өзінің негізгі кәсібінен бөлек, әлеуметтік бастамаларға ұйытқы болып жүрген бірқатар әйелдер қауымына алғыс хат табыс етті.
Қай қоғамда да әйелдердің арқалаған жүгі жеңіл емес. Заманауи, іскер әйел отбасы мен қызметті қатар алып жүрген тұлға. Целиноград ауданында аудандық мәслихатта 4 (27%) депутат нәзік жандылардан болса, дербес бөлімдерге 5 әйел адам басшылық етеді. Жыл өткен сайын әйелдер қауымының экономикалық әлеуеті де артып келеді. Ерекше айта кетер жайт, шағын және орта кәсіпке икемі зор іскер әйелдер үлесі еселене түсуде. Өңірде шағын және орта кәсіпкерліктің саны 4400 болса, 1800 (41%) кәсіптің басшысы нәзік жандылар екен. Әрине нәзік жандылар үшін қолайлы бизнес ортаны қалыптастыруда мемлекеттік бағдарламаның рөлі зор.


Еліміз тәуелсіздіктің алғашқы сәттерінен бастап гендерлік саясатқа, әйелдер мен балаларды қолдауға, отбасылық құндылықтарды насихаттауға баса назар аударып келеді. Ата заң аясында қоғамның барлық саласында ерлер мен әйелдердің тең құқығын қалыптастыру қарастырылған. Форум аясында түрлі салада қызмет етіп жүрген әйелдер қауымына «Қазақстанның іскер әйелдер қауымдастығы» тарапынан алғыс хаттар табысталды.

- Жарнама -spot_img

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

АҚМОЛАЛЫҚ ПЕДАГОГ БАСТАУЫШ СЫНЫПТАРДА МАТЕМАТИКАНЫ ОҚЫТУ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІМЕН БӨЛІСТІ

Көкшетау қаласының №19 жалпы орта білім беретін мектебінің бастауыш сынып мұғалімі, педагог-зерттеуші Муханбетжанова Аксауле бастауыш сыныптарда математиканы оқыту ерекшеліктерін,...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img