spot_img
Сенбі, Сәуір 19, 2025
7.2 C
Kokshetau

Атбасарда мас жігіт өз анасын ұрып өлтірді

Сондай-ақ...оқыңыз

Атбасарда мас болған жігіт анасына жұдырық ала жүгіріп аңдаусызда өлтіріп қойды, деп хабарлайды «Aqmola News».

Қырық жастағы жергілікті тұрғынның қолға түскені туралы Атбасар аудандық полиция бөлімінің кезекші бөлімшесіне   учаскелік полиция инспекторы хабарлапты.

Ер адам анасымен сөзге келіп, жанжалдың арты мас болған ұлының анасына қол көтеруімен аяқталыпты.

«Өз анасын көк-ала қойдай етіп сабаған жігіт үйіне мас күйінде келгені анықталды. Жанжал кезінде өз-өзін ұстай алмаған ол 65 жастағы анасының басына бірнеше мәрте ауыр соққы жасапты. Жүргізілген сот-медициналық сараптамасының қорытындысы бойынша әйелдің өлімі бас сүйегіндегі мидың зақымдалғанын болғанын анықтады», – дейді Ақмола облысы полиция департаментінің баспасөз қызметінің жетекшісі Гүлнәр Пинчук.

Қазір аталған факт бойынша тергеу бөлімімен қылмыстық кодекстің 106 бабының 3 тармағы «Денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіру» бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталған. Күдікті азамат қамауға алынды. Қылмыстық істі тергеу жалғасуда.

- Жарнама -spot_img

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

«ШӘМШІ» ЭЛЕГИЯСЫ КӨКШЕТАУДА!

2025  жылы 1 мамыр күні Қалибек Қуанышбаев атындағы Қазақ ұлттық музыкалық драма театры Көкшетау қаласының тұрғындары мен қонақтарының назарына...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img
Яндекс.Метрика