spot_img
Бейсенбі, Мамыр 22, 2025
15.3 C
Kokshetau

Ақмола облысында жаңа денсаулық сақтау нысандары пайда болады- облыс әкімі

Сондай-ақ...оқыңыз

Ақмола облысының әкімі Ермек Маржықпаев брифинг барысында өңірдегі денсаулық сақтау жүйесінің дамуы туралы айтып өтті. Биылғы жылы да жаңа медициналық нысандар іске қосылып, пайдаланылып келе жатқан денсаулық сақтау нысындары күрделі жөндеуден өтеді,-деп хабарлайды «Aqmola News»АА.

«Осы жылы біз Қосшы ауылындағы жаңа емхананы, Қараөткелдегі дәрігерлік амбулаторияны және Қоянды қаласындағы алғашқы медициналық-санитарлық көмек орталығын іске қосуды жоспарлап отырмыз. Күрделі жөндеу Степногорск қаласындағы, Атбасар, Бұланды және Сандықтау аудандарындағы төрт аудандық ауруханада жүргізіледі», – деді Ермек Маржықпаев.

Өткен жылы денсаулық сақтаудың төрт жаңа нысаны пайдалануға берілді. Бұл 200 орындық заманауи жұқпалы аурулар ауруханасы және Көкшетаудағы онкологиялық емхана және Целиноград, Шортанды аудандарының Софиевка және Степное ауылдарындағы дәрігерлік амбулаториялар.

Біздің дәрігерлеріміздің жанқиярлық еңбегі назардан тыс қалмайды. Осы жылдың басынан бері коронавируспен күреске жұмылдырылған үш мыңнан астам дәрігер мен медициналық қызметкерлер үш миллиард теңгеден астам төлем алды», – деп толықтырды әкім.

Маржықпаевтың айтуынша, биыл медициналық ұйымдарды қосымша жабдықтау үшін үш жүзден астам медициналық жабдық сатып алынады.

- Жарнама -spot_img

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Көкшетаулық оқушы биология пәні бойынша халықаралық олимпиадада күміс жүлде жеңіп алып, Қазақстан құрамасының жеңісіне үлес қосты

Көкшетау қаласының №8 орта мектептің 10-сынып оқушысы Егор Менгулов Сочи қаласында (Ресей) 2025 жылғы 10–17 мамыр аралығында өткен биология...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img
Яндекс.Метрика