spot_img
Сәрсенбі, Қараша 19, 2025
0.2 C
Kokshetau

Ақмола облысында екі ірі кірпіш зауыты пайда болады- облыс әкімі

Сондай-ақ...оқыңыз

Он жыл ішінде кірпіш өндіру көлемі 10 еседен астам өсті. Егер 2010 жылы олардың саны небары 57 мың текше метрді құраса, 2020 жылы -565 мың текше метрді құрады. Сондай-ақ, жақын арада Ақмола облысында тағы екі ірі зауыт пайда болады. Бұл туралы ОКҚ өткен брифингте Ақмола облысының әкімі Ермек Маржықпаев айтты, деп хабарлайды «Aqmola News»АА.

«Сұраныстың артуына байланысты «ENKI» компаниясының ірі өндірушісі кірпіш өндірісін жылына 90 миллион данаға дейін жеткізуді жоспарлап отыр. Жаңа зауыттың қуаттылығы – жылына 30 миллион дана кірпіш», – деді аймақ басшысы.

Облыс әкімі өңірде тағы екі зауыт ашу жоспарланғанын атап өтті.

«Зеренді ауданында қуаттылығы жылына 22 миллион дана болатын  «Ceramics» кірпіш зауыты ашылады. Бұдан басқа, Аршалы ауданында  ірі «SG Brick» кірпіш зауытының құрылысы басталды. Бұл зауыт жылына 120 миллион дана кірпіш өндіретін болады», – деді әкім.

Аршалыдағы кірпіш зауытын іске қосу келесі жылға жоспарланған.

Облыс әкімінің айтуынша, жаңа зауыттар екі жыл ішінде өңірдегі кірпіш сұранысын  толығымен жабуға мүмкіндік береді.

- Жарнама -spot_img

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Авторлық құқықтың негізгі объектiлерi

Авторлық құқық және сабақтас құқықтар азаматтық-құқықтық институты әдебиет, ғылым және өнер туындыларын жасау және пайдалану саласындағы мүліктік емес қатынастарды...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img
Яндекс.Метрика