Медицина қызметкерлері күні қарсаңында Көкшетауда өңірдің медицина қызметкерлеріне құрмет көрсетілді. Ақмола облысының әкімі Ермек Маржықпаев жиналғандарды кәсіби мерекелерімен құттықтап, қажырлы еңбектері үшін алғысын білдірді, деп хабарлайды «Aqmola News»АА.
Салтанатты шара «Болашақ Сарайы» қабырғасында өтті.
«Ақмолалықтардың атынан облыстың денсаулық сақтау жүйесінің барлық қызметкерлерін осы тамаша мерекемен құттықтаймын. Медицина қызметкердері халық денсаулығы үшін күндіз-түні аянбай еңбек етіп келеді. Дәрігерлердің қажырлы еңбектеріне жеміс тілеймін», – деді Ермек Маржықпаев.
Өңір басшысының айтуынша, бүгінде аймақта 12 мыңнан астам адам еңбек ететін 530 медициналық ұйым бар.
«Облыстың медициналық мекемелері заманауи құрал-жабдықтармен жабдықталуда, дәрігерлердің жалақысы өсуде, халыққа көмек көрсету сапасы жақсаруда. Осы жылы біз төрт рентген-аппарат, сегіз жылжымалы диагностикалық кешен, 63 санитарлық машина сатып алдық», – деді Маржықпаев.
Құттықтаулардан кейін өңір басшысы жиналған медицина қызметкерлерін ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің алғыс хаттарымен және төс белгілерімен марапаттады.
«Еңбек ардагері» медалімен Бейбіт Оспанов, Виталий Малышенко және Лариса Макаренко марапатталды. «Денсаулық сақтауды дамытуға қосқан ерекше үлесі үшін» төсбелгісімен Гүлшарат Ахметова, Людмила Пантелеева және Әсия Будешова марапатталды.
Әсия Будешева Денсаулық сақтау жүйесінде 35 жылдан астам уақыт жұмыс істейді.
«Маған медицина бала кезімнен ұнады, Мен әрқашан адамдарға көмектескім келді. Торғай дәрігерлік амбулаториясында 36 жылдан бері жұмыс істеп келемін. (Ерейментау ауданы). Қазір жұмыс істеу әлдеқайда жеңіл: материалдық-техникалық база, жұмыс жағдайлары жақсаруда. Кәсіби мерекеміз қарсаңында әріптестерімді құттықтап, зор денсаулық пен кәсіби табыс тілеймін», – деді Әсия Будешева.