spot_img
Жұма, Қараша 21, 2025
0.9 C
Kokshetau

Мәжіліс депутаты Қанат Мусиннің өкілеттігі мерзімінен бұрын тоқтатылды

Сондай-ақ...оқыңыз

Парламент Мәжілісінің жалпы отырысында палата депутаты Қанат Мусиннің өкілеттігі мерзімінен бұрын тоқтатылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Парламент Сенатының 2021 жылғы 10 маусымдағы қаулысының негізінде Мәжіліс депутаты Қанат Мусин Жоғары сот судьясы қызметіне сайланды. Осы орайда заңнамаға сәйкес Қ. Мусиннің депутаттық өкілеттігін мерзімінен бұрын тоқтату туралы ұсыным енгізілді.

Палата депутаттары бұл ұсынымға қолдау білдірді.

«Қанат Сергейұлы, сізге Парламентте бірлесіп атқарған жұмысыңыз үшін алғыс білдіреміз. Мәжілістің Заңнама және сот-құқықтық реформа комитетінің басқарып, көптеген маңызды заңдардың қабылдануына зор үлес қостыңыз. Әрдайым жүктелген міндетті абыроймен атқарып келдіңіз», – деді Мәжіліс төрағасы Нұрлан Нығматулин.

Осы орайда жалпы отырыста Қанат Мусинге «Алғыс хат» табысталды. Еске сала кетейік, жақында Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің Заңнама және сот-құқықтық реформа комитетінің төрағасы Қанат Мусин Жоғарғы сот судьясы болып сайланды.

 

- Жарнама -spot_img

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Ақмола облысында да қаржылық пирамидалардың құрбандары жыл сайын артып келеді

Мұндай алаяқтық схемалар азаматтардың сенімін пайдаланып, жылдам табысқа құмарлығын, экономикалық қысымды қолданады. Бұл туралы сұхбат барысында Ақмола облысы бойынша...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img
Яндекс.Метрика