Ақмолада сотталғандар арасында ағаштан түйін түйген шеберлер арасында алғашқы аймақтық байқау ұйымдастырылды. Тәуелсіздіктің 30 жылдығына орай өткізілген бұл конкурста Бұланды аудандық қылмыстық атқару жүйесі пробациялық қызметінде жазасын өтеуші жеңімпаз атанды, деп хабарлайды «Aqmola News».
Ағаш шеберлері арасындағы облыстық байқаудың алғашқы кезеңі де осы Бұланды ауданында өткізілген. Қолөнершілер арасында бас бостандығы шектелген Бұланды аудандық пробациялық қызметінің тізімінде тұрған Серік есімді сотталушы да қатысқан. Тұрақты жұмысы бар Серік бос уақытында ағаштан ата дәстүріне сай алуан түрлі бұйымдар жасайды. Негізінен туған-туыстары мен достарына да сыйлық ретінде беріп, кейде сатқан уақыттары да болыпты.
«Ағаштан бұйым жасау ұзақ уақытты әрі қажырлы еңбекті қажет етеді. Бір қарағанда оңай көрінгенімен шынтуайтына келгенде ағаштан бұйым жасау үшін түрлі әдіс-тәсілдерін тереңірек меңгеру қажет. Сонымен қатар, зор шыдамдылық пен соңғы нәтижені көруге деген ниет пен ыждаһаттылық керек», – дейді Серік.
Жалпы аудандық байқауға Ақмола облысының қылмыстық атқару жүйесінің қатысты 6 сотталушы ағаш шебері қатысқан. Пробациялық қызметке қарасты жоғарыдағы кейіпкер үздік атанып, «Менің Отаным, Менің Қазақстаным» атты облыстық сәндік-қолданбалы өнер шеберлерінің облыстық байқауына жолдама алды.