spot_img
Жексенбі, Қараша 24, 2024
-7.2 C
Kokshetau

Целиноград ауданында қызын құтқармақ болған анасы су кетті

Сондай-ақ...оқыңыз

Целиноград ауданында қайғылы жағдай орын алды. Отаутіккен ауылының 43 жастағы тұрғыны суға ағып бара жатқан қызын құтқармақшы болып өзі суға батып кетті, деп хабарлайды 

Жазатайым оқиғаның маусымның 8-інде сағат 13:00-де Целиноград ауданы Отаутүскен ауылының маңында Нұра өзенінде балық аулау кезінде орын алған.

«Өзен жағасында жүргенде қызы анасынан рұқсат сұрап, суға шомылмақшы болады. Алайда, судың ағысы қызды алып кетеді. Мұны көрген анасы қызын құтқаруға ұмтылған, бірақ қатты ағын салдарынан 43 жастағы әйелдің өзі суға батып кетті», – деді облыстық төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінен.

Ал, жағадағы өсімдіктің бұтағына жармасқан он жасар қыз жанұшырып көмек сұраған.

Қызды осы ауылдың 65 жастағы тұрғыны Павел Федоренко құтқарып қалды.

«Оқиға орнында Нұр-Сұлтан қаласы ТЖД Жедел-құтқару жасағының құтқарушылары жұмыс істеді, олар кешкі сағат 19:30 шамасында әйелдің денесін тапты», – делінген мәліметте.

 

- Жарнама -spot_img

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Балалар дұрыс сөйлеуді үйренуге арналған шеберлік сабағы

"Көкше" мәдениет үйінде  "Сахна тілі" және әдеби оқу үйірмелерінің жүргізушілері Амина Касенова мен Алена Тищенко балалардың сауатты сөйлеуі мен...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img