spot_img
Сенбі, Қараша 23, 2024
-6.3 C
Kokshetau

Бурабайдағы «Самұрық құсы»кешені кімдерге тегін қызмет көрсетеді?

Сондай-ақ...оқыңыз

Бурабайдағы Абылай хан алаңында елімізде теңдесі жоқ мультимедиялық интерактивті кешен іске қосылды, деп хабарлайды «Aqmola News»ақпарат агенттігі.

Бурабай Даму» жауапкершілігі шектеулі серіктестігіндегі аталмыш нысанды құрастырушылардың айтуынша, мұндай мультимедиялық интерактивті кешеннің Қазақстанда баламасы жоқ.

«Қазіргі таңда кешен арқылы еліміздің және халқымыздың тарихына шынайы енуді сезінуге болады. Жаңа технологиялардың көмегімен 5D форматында қызықты саяхат жасау және еліміздің тарихына ену мүмкіндігі бар», – деп бөлісті маркетинг жөніндегі менеджер Әсем Мұқымова.

Кешен бірнеше мультимедиялық залдар мен аттракциондардан тұрады. Солардың бірі – Қазақстандағы жалғыз мультимедиялық өмір ағашы өсетін «Мәңгілік Ел». Бұл шежіренің бір түрі. Авторлар мәдениетті және ұлы тарихымызды сақтап қалу үшін әрбір қазақ өзінің шығу тегін, өз руы мен жүзін білуі тиіс деп есептейді.

«Өмір ағашы» әр қазақтың ру-тайпалық құрамы туралы барлық ақпаратты көрнекі түрде көрсетеді. Ол жарық шоуы арқылы көрсетіледі», – деп толықтырды «Бурабай Даму» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің мамандары.

Сондай-ақ, мультимедиялық кешенге келушілер «Самұрық құсының ұшуы» аттракционында бола алады, онда «Самұрық құсының» соңынан ере отырып, барлығы Қазақстан бойынша виртуалды ұшу-саяхаттын жасай алады.

«Ұшу кезінде сіз еліміздің ең экзотикалық жерлеріне барып, оның табиғатымен, Қазақстанның қазынасын құрайтын киелі объектілермен танысасыз. Бұл сізді күтетін нәрсенің аз ғана бөлігі», – деп қосты А.Мұқымова.

Бүгінгі күні кешен «Ashyq» бағдарламасы бойынша жұмыс істейді, жұмыс күндері 10:00 – ден 18:00-ге дейін, демалыс күндері-20:00-ге дейін. Менеджердің айтуынша, сессиялар әр жарты сағат сайын өтеді. Бір сессияға 10-12 келушіге рұқсат етіледі.

Ұйымдастырушылар жеңілдіктер де қарастырған. 6 жасқа дейінгі балалар, жетім балалар, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар, жетім балалар мен ата – анасының қамқорлығынсыз қалған оқушылар мен студенттер, мүгедек балалар, ҰОС ардагерлері, 1,2,3 топтағы мүгедектер, «Күміс алқа» және «Алтын алқа» иегерлері кешенге тегін бара алады.

 

- Жарнама -spot_img

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Балалар дұрыс сөйлеуді үйренуге арналған шеберлік сабағы

"Көкше" мәдениет үйінде  "Сахна тілі" және әдеби оқу үйірмелерінің жүргізушілері Амина Касенова мен Алена Тищенко балалардың сауатты сөйлеуі мен...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img