Ақмолалық ардагер волейболшылар республикалық чемпионатта алтыннан, ал жастары «күмістен» алқа тақты, деп хабарлайды «Aqmola News» Ақмола облысының дене шынықтыру және спорт басқармасының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Ерлер арасындағы волейболдан ҰҚК полковнигі Жақан Медеубаевты еске алуға арналған ХХІV республикалық ашық турнир Теміртау қаласында өтті.
Жыл сайын металлургтер қаласына Қазақстанның әр аймағымен қоса шетелдерден де бұл айтулы шараға қонақтар келетін. Биыл пандемияға байланысты чемпиондық титулға тек еліміздің волейболшылары ғана бақтарын сынасты.
40 жастан асқан ардагерлер арасында «Ұшқын-Көкшетау» командасына қарсылас шақ келмеді. Ақмолалықтар ел чемпиондары атанды.
Ал 40 жасқа дейінгі жастар арасында «Ұшқын-Көкшетау» жастары күміс медальді қанжығаға байлады.