spot_img
Жексенбі, Шілде 6, 2025
28.2 C
Kokshetau

24 мамырға арналған ауа райы болжамы

Сондай-ақ...оқыңыз

Синоптиктер 24 мамырға арналған ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy «Қазгидромет» РМК баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«Қазақстан территориясының басым бөлігінде Батыс антициклонымен жауын-шашынсыз ауа райы сақталады. Тек ҚР-ның оңтүстік-шығысы мен шығысында атмосфералық фронталды бөліктердің өтуімен кей жерлерде өткінші жаңбыр жауады. Республиканың кей жерлерінде жел күшейеді, батысы мен оңтүстігінде шаңды дауыл соғады, оңтүстігінде – найзағай, солтүстігінде түнгі сағаттарда тұман болады», – делінген хабарламада.

Түркістан, Атырау облыстарының кей жерлерінде желдің күшеюі 15-20 м/с, Түркістан облысында 23 м/с жетіп, шаңды дауылмен соғады.

Жамбыл және Қызылорда облыстарының кей жерлерінде жел 15-20 м/с күшейеді, күндіз Жамбыл облысының тауларында бұршақ жаууы ықтимал, Қызылорда облысында шаңды дауыл соғады.

Қарағанды, Шығыс Қазақстан, күндіз Батыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде желдің күшеюі 15-20 м/с жетеді.

Алматы облысының тауларында күндіз желдің күшеюі 15-20 м/с жетеді.

Солтүстік Қазақстан облысының кей жерлерінде түнде және таңертең тұман түседі.

Күндіз Маңғыстау, Ақмола, Атырау, Батыс Қазақстан, Ақтөбе, Қостанай, Солтүстік Қазақстан, Павлодар, кей жерлерде Қарағанды облыстарында қатты ыстық күтіледі.

Қызылорда облысының басым бөлігінде, Шығыс Қазақстан облысының кей жерлерінде, Алматы, Қостанай, Павлодар, Қарағанды, Атырау, Жамбыл облыстарының жекелеген аудандарында өте жоғары өрт қаупі күтіледі.

- Жарнама -spot_img

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

«AMANAT» партиясы сайлауалды бағдарламасын жүзеге асыруда: Көкшетауда 150 орындық оңалту орталығы салынып жатыр

Көкшетау қаласында ерекше қажеттіліктері бар азаматтарға арналған заманауи оңалту орталығының құрылысы жалғасып жатыр. 150 орындық бұл жаңа нысан денсаулығын...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img
Яндекс.Метрика