spot_img
Жексенбі, Қараша 24, 2024
-7.5 C
Kokshetau

Перзентханада ауысып кеткен: Павлодарлық келіншек 27 жылдан кейін туған қызын тапты

Сондай-ақ...оқыңыз
Светлана Педченко Павлодардағы перзентханада балалардың ауысып кеткені туралы оқиғасымен бөлісті. Әйел сотқа шағым түсіріп, ауруханадан моральдық зиян үшін өтемақы ретінде 20 миллион теңге талап еткен, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі “Ирбис” телеарнасына сілтеме жасап.

 

Келіншек 1993 жылы Павлодар қаласының 2-ші қалалық ауруханасында қызын дүниеге әкеледі. Светланамен бірге палатада тағы бір әйел жатқан. Сәбилердің туылуының арасындағы айырмашылық шамамен 20 минутты құрады.

Светлана жаңа туған нәрестелер бір төсекке жатқызылып, оралғаны туралы айтады. Сол кезде дәрігерлер балаларды шатастырып алуы мүмкін екенін жетікізді келіншек.

Светлана қызы үлкен ұлына мүлдем ұқсамайтынын айтты. Бірақ бастапқыда келіншек бұған мән бермепті.

«Олар маған қара көзді, денесінің түсі қара қызды сіздің балаңыз деп қолыма ұстатты. Менің күйеуімнің бойында шешеннің қаны бар. Сондықтан, бұл менің қызым болмауы мүмкін деп ойлаған емеспін”, – дейді Светлана.

Былтыр Светлана әлеуметтік желіде өзіне қатты ұқсайтын бір қызды көріп қалады. Мұндай сәйкестікке таңғалған Светлана балаларды перзентханада ауыстырып жіберуі мүмкін екенін түсінеді.

Әйел Павлодарға барып, қызбен кездескен. Артынша ДНҚ нәтижесі шығып, Светлана Педченконың өсірген қызы оның баласы болмай шығады. Светлана мен күйеуі қазір аурухнаға шағым түсірген. Светлананың өз қызы жақсы отбасыда өсіп, тәрбиеленген. Алайда Светлана және оның күйеуі әділдікке жетіп, аурухана қызметкерлерін сәбилерді ауыстырғаны үшін жауапқа тартуды жөн санайды.

Ерлі-зайыптылар ауруханадан 20 миллион теңге өтемақы талап екен. Екінші отбасы талап арыз жазбаған. Қазір отбасы Ресей Федерациясында Новосибирск қаласында тұрады.

- Жарнама -spot_img

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Балалар дұрыс сөйлеуді үйренуге арналған шеберлік сабағы

"Көкше" мәдениет үйінде  "Сахна тілі" және әдеби оқу үйірмелерінің жүргізушілері Амина Касенова мен Алена Тищенко балалардың сауатты сөйлеуі мен...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img