spot_img
Сенбі, Қараша 23, 2024
-12.8 C
Kokshetau

«Адал жүрек»: Ерейментаулық жанұяға баспана берілді

Сондай-ақ...оқыңыз

Ақмола облысында Тәуелсіздіктің 30 жылдығы қарсаңында «30 қайырымды іс» акциясы және «Адал жүрек» жобасы арқылы ақмолалық отбасы баспаналы болды, деп хабарлайды «Aqmola news» ақпарат агенттігі облыстық ішкі саясат басқармасына сілтеме жасап. 

Құны 5 миллион теңге тұратын үш бөлмелі пәтердің кілті Ерейментау ауданындағы Кенжебаевтар отбасына тапсырылды.

«Біз Қазақстанның әр өңірінен жиналып, осындай қайырымдылықты мақсат етіп «Адал жүрек» деген жобаны іске асыруға бел будық. Біз – 25 адам қолымыздан келгенше халықты мейрімділікке үгіттеп, қоғамдық орындарда жәшіктер қойып, өздеріміз де шама келгенше осы қайырымды шараға атсалысуға халықты шақырып, қомақты сома жинадық. Жиналған ақшаны тек мұқтаж жандарға үлестіріп, осы Ерейментау ауданында тұратын Кенжебаевтар отбасына пәтер алуды шештік», – деді жоба қатысушысы.

Ақмола облыстық ішкі саясат басқармасынан атап өткендей, аталмыш шара Егеменді елдің ынтымағын танытып, адами қасиеттің шыңы болған «қайырымдылық» сынды құндылықтың айқын көрінісі.

«Өте қуаныштымыз! Күтпеген жерден баспаналы болдық. «Адал жүрек» жобасын ұйымдастырған адамдарға мың алғыс айтамын. Көп рахмет!», – деп ризашылық білдірді Кенжебаевтар жанұясының отанасы.

 

- Жарнама -spot_img

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Балалар дұрыс сөйлеуді үйренуге арналған шеберлік сабағы

"Көкше" мәдениет үйінде  "Сахна тілі" және әдеби оқу үйірмелерінің жүргізушілері Амина Касенова мен Алена Тищенко балалардың сауатты сөйлеуі мен...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img