spot_img
Жұма, Қараша 22, 2024
-7.4 C
Kokshetau

Ashyq: Жасыл түспен шетелден ПТР-тестісіз кіруге болады

Сондай-ақ...оқыңыз

Ashyq қосымшасында жасыл түсті мәртебесі бар азаматтар шетелден келген жағдайда да ПТР-тест тапсырмауына болады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Бұл туралы Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитеті көліктегі санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің басшысы Жанар Оразалина мәлім етті. «Вакцина алған адамның Ashyq қосымшасындағы мәртебесі жасыл түсті болады. Яғни оның жүріп-тұруына шектеу жоқ. Мемлекеттік бас санитар дәрігердің қаулысына қосымша өзгерістер енгізілді. Ол бойынша Ashyq қосымшасындағы мәртебесі жасыл түсті жолаушылар шетелден ұшып келіп, ПТР- тест нәтижесін ұсынбай-ақ біздің шекарадан ішке кіре алады», – деп нақтылады Жанар Оразалина.

Осы шара барысында «Атамекен» ұлттық кәсіпкерлер палатасы басқарма төрағасының орынбасары Юлия Якупбаева вакциналау паспорты Ashyq қосымшасына кіріктірілетінін айтқан болатын.

«Қазір біз санитарлық дәрігерлермен сөйлесіп жатырмыз, интеграция болған кезде адам ұзақ уақыт бойы жасыл мәртебеге ие болады», – деп қосты Юлия Якупбаева.

Жоба жетекшілерінің айтуынша, вакцина алған адамға берілетін «жасыл» мәртебенің жарамдылық мерзімі әлі нақтыланып жатыр.

 

- Жарнама -spot_img

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Балалар дұрыс сөйлеуді үйренуге арналған шеберлік сабағы

"Көкше" мәдениет үйінде  "Сахна тілі" және әдеби оқу үйірмелерінің жүргізушілері Амина Касенова мен Алена Тищенко балалардың сауатты сөйлеуі мен...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img