Қазгидромет 6 мамырға арналған ауа райы болжамын жария етті.
Қазақстанның солтүстік аймақтарына циклон жырасы әсер етеді, соған байланысты аздаған жаңбыр күтіледі. Оңтүстік, оңтүстік-шығыс және оңтүстік-батыста атмосфералық фронталды бөліктердің өтуімен жаңбыр жауады, найзағай күтіледі. Тек батыс пен шығыста антициклон ықпал ететіндіктен жауын-шашынсыз ауа райы сақталады.
Республиканың кей жерлерінде желдің күшеюі, солтүстігінде тұман, оңтүстігінде шаңды дауыл, оңтүстік-шығысында қатты дауыл күтіледі, бұршақ болуы ықтимал. Жамбыл облысының кей жерлерінде қатты дауыл күтіледі, бұршақ жаууы ықтимал, жел 15-20, түнде және таңертең екпіні 23-28 м/с күшейеді. Түркістан, Қызылорда, түнде Маңғыстау, Ақтөбе облыстарының кей жерлерінде жел 15-20 м/с күшейеді, Түркістан облысында шаңды дауыл күтіледі.
Алматы облысының кей жерлерінде жел 15-20 жылдамдықпен соғады. Солтүстік Қазақстан облысының кей жерлерінде түнде және таңертең тұман күтіледі, түнде кей жерлерінде жел 15-20 м/с, күндіз 15-20, екпіні 25 м/с күшейеді. Ақмола, Қостанай, күндіз Павлодар, Қарағанды, Шығыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде желдің жылдамдығы 15-20 м/с жетеді.