spot_img
Бейсенбі, Наурыз 5, 2026
-1.3 C
Kokshetau

Степняк қаласында басталған 21 пәтерлі тұрғын үйдің құрылысы тамыз айында аяқталады

Сондай-ақ...оқыңыз

Ақмола облысының Біржан сал ауданында «Нұрлы жер» бағдарламасы бойынша тағы бір 21 пәтерлі тұрғын үй салынып жатыр, деп хабарлайды «Aqmola News» облыстық ішкі саясат басқармасына сілтеме жасап.

Аудандық құрылыс бөлімінің басшысы Бақтияр Мұстафиннің айтуынша, Степняк қаласында 2019 жылы «Нұрлы жер» бағдарламасы бойынша 21 пәтерлі тұрғын үйдің құрылысы басталған.

«Бұл үйдің құрылысы өткен жылдың қазан айында аяқталды. Мұндағы пәтерлерге 22 наурызда көпбалалы отбасылар, жетімдер үйінің тәрбиелушілері, тұрғын үй кезегінде тұрғандар және бюджеттік мекеме қызметкерлері қоныстанды», – дейді Бақтияр Мұстафин.

Құрылыс бөлімі басшысы атап өткендей, өткен жылдың күзінде тағы 21 пәтерлі тұрғын үйдің құрылысы қолға алынған. Ол үшін мердігер компания «Оңтүстік құрылыс компаниясы» жауапкершілігі серіктестігімен 190 миллион теңгеге келісімшарт жасалды.

Абылайхан көшесінің бойында салынып жатқан бұл үш қабатты тұрғын үйдің құрылысы қазір қарқынды жүргізілуде. Ғимараттың қабырғалары тұрғызылып, төбесі плитамен жабылуда. Сонымен бірге, есік, терезесі орнатылуда.

Жоба бойынша бұл тұрғын үйді биылғы жылғы тамыз айында пайдалануға беру жоспарланған. Алдағы жылдары аудан орталығында осындай көппәтерлі тағы бірнеше тұрғын үй салынатын болады. Бұл үйлердің жобалық-сметалық құжаттары әзірленіп жатыр.

 

- Жарнама -spot_img

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Азаматтар өздерінің сайлау учаскесін eGov Mobile мобильді қосымшасы және Gov.kz сайты арқылы онлайн тексере алады

15 наурызда өтетін республикалық референдум қарсаңында азаматтар үшін өз сайлау учаскесін іздеуге арналған цифрлық сервис қолжетімді. Дауыс беретін қажетті...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img
Banner
Яндекс.Метрика