spot_img
Жұма, Қараша 21, 2025
-0.2 C
Kokshetau

«Қашықтан жұмыс істеймін»: Сенат спикері коронавирус жұқтырды

Сондай-ақ...оқыңыз

Сенат төрағасы Мәулен Әшімбаев барынша сақтанып жүргеніне қарамастан коронавирус жұқтырып алғанын хабарлады.

«Барынша сақтанып жүргеніме қарамастан, соңғы сынама нәтижесінде коронавирус індетін жұқтырғаным анықталып отыр. Бірақ бойымда аурудың ешқандай белгілері жоқ. Әйтсе де оқшауланып, мамандардың барлық талаптарын қатаң сақтаудамын. Соған байланысты жұмысты да қашықтан жалғастырамын», – деп жазды Сенат спикері.

Мәулен Әшімбаев барынша сақ болуға, індеттің алдын алуға мән беруге шақырды.

«Өкінішке қарай, пандемияның екпіні әлі бәсеңдеген жоқ. Сондықтан арқаны кеңге салып, сақтық шараларына бейжай қарауға болмайды. Бұл, ең алдымен, өзіміз және туған-туыстарымыз үшін аса маңызды. Ендеше індеттің алдын алуға баса мән берейік», – деді Сенат төрағасы.

- Жарнама -spot_img

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Ақмола облысында да қаржылық пирамидалардың құрбандары жыл сайын артып келеді

Мұндай алаяқтық схемалар азаматтардың сенімін пайдаланып, жылдам табысқа құмарлығын, экономикалық қысымды қолданады. Бұл туралы сұхбат барысында Ақмола облысы бойынша...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img
Яндекс.Метрика