spot_img
Сәрсенбі, Наурыз 4, 2026
-6.3 C
Kokshetau

Отандық QazVac вакцинасы 26 сәуірден бастап егіле бастайды

Сондай-ақ...оқыңыз

Отандық QazVac вакцинасын қазақстандықтарға егу 26 сәуірде басталады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Быилғы жылдың 26 сәуірінде халықты QazVac вакцинасымен вакцинациялау басталады. Мамыр айында 50 мың доза көлеміндегі вакцинаның кезекті партиясын шығару жоспарланып отыр. Бұдан әрі вакцина өндірісі кезең-кезеңмен айына 500-600 мың дозаға дейін ұлғайтылады», делінген хабарламада.

Еске сала кетсек, бүгін ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Ералы Тоғжанов Биологиялық қауіпсіздік проблемалары ғылыми-зерттеу институтында өндірілген QazVac (QazCovid-in) қазақстандық вакцинасының бірінші партиясын жөнелтуге қатысты.

Отандық вакцина Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының тізіліміне енгізілген. QazVac вакцинасын жеткізу әдістері күрделі тоңазытқыш қондырғыларын талап етпейді, олар тоңазытқышта плюс 2-8 градус температурада тасымалданады.

 

- Жарнама -spot_img

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Ерлан Сәрсембаев: Кемел қоғам қорқынышқа емес, құқықтық мәдениетке негізделеді

2026 жылғы 15 наурызда жалпыхалықтық дауыс беруге шығарылатын жаңа Конституция жобасы – мемлекеттік құрылысты жай ғана құқықтық жаңарту емес....
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img
Banner
Яндекс.Метрика