spot_img
Сенбі, Қараша 23, 2024
-12.8 C
Kokshetau

Үлгілі сарқырамасы:»Демалушыларға тиым салынған жоқ»- әкімдік жауабы

Сондай-ақ...оқыңыз

Ақмола облысының Зеренді ауданында Үлгілі сарқырамасына жақын маңай қоршалды. Зерендінің ең көрікті жері саналатын туристік орынның қоршалғанына кейбір тұрғындар әлеуметтік желі арқылы наразылығын білдірді. Бұл мәселеге қатысты Зеренді ауданының әкімдігі «Aqmola News»сайтына ресми түсініктеме берді. 

Майра ҚУАНЫШҚЫЗЫ

Әсіресе, көктем айларында қар еріген кезде сарқыраманың су қоры молайып, келушілерді қызықтыра түседі. Сол себепті бұл жерге демалушылардың да қатары қалыңдайды.

https://www.instagram.com/p/CN7a8cOlTENCK7VHtVwWMi0-NdN0FI949YjqVw0/

Жоғарыда тұрғынның бейнежазбасына қатысты аудан әкімдігі ресми түсініктеме берді.

Қазіргі уақытта сарқырама аумағын жаңғырту жұмыстары жүргізіліп жатыр. Барлық жұмыстарды «Орманды бұлақ Көкшетау» мекемесі мен «Интисар -инвест» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі бірлесіп атқаруда. Сарқыраманың ең қауіпті жерлеріне белдеу қойылып, бағаналар мен темірлерден қоршау орнатылды. Алдағы уақытта бұл ұсқынсыз қоршаулардың орнына, эстетикаға сай арнайы металдардан қоршау қойылады. Сонымен қатар бұл туристік орынға қоғамдық дәретханаларды да орнату жоспарда бар. Сарқырама аумағына өтуге ешқандай тиым салынған жоқ. Келушілер емін еркін, ақысыз өте алады,-дейді аудан әкімінің кеңесшісі Анар Сұлтан.

Еске сала кетсек, өткен аптада  ер адам 6 жасар қызымен бірге суретке түспек болған кезде  сарқырамаға құлап кетті. Абырой болғанда екеуі де зардап шеккен жоқ.

Зеренді аудандық ауруханасына жеңіл жарақаттармен Көкшетау қаласында тұратын 2015 жылы туған бала түсті. Оны дәрігерлер тексеріп шығып, қажетті ем-дом жасады.Аруханаға жатқызуға ешқандай негіз жоқ болғандықтан бала үйіне жіберілді,-деді әкімдіктің баспасөз қызметі.

Видео kokshetauasia инстаграм желісінен алынды

- Жарнама -spot_img

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Балалар дұрыс сөйлеуді үйренуге арналған шеберлік сабағы

"Көкше" мәдениет үйінде  "Сахна тілі" және әдеби оқу үйірмелерінің жүргізушілері Амина Касенова мен Алена Тищенко балалардың сауатты сөйлеуі мен...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img