spot_img
Сенбі, Қараша 23, 2024
-7 C
Kokshetau

Көкшетауда 81 жастағы қарияны өз ұлы ұрып соққан

Сондай-ақ...оқыңыз
Көкшетауда ұлы 81 жастағы әкесін ұрып, дене жарақатын салды. Қарияға қол көтеріп, жұдырықтың астына алған ер азаматқа қатысты қылмыстық іс қозғалды, деп хабарлайды Aqmola News ақпарат агенттігі.

Әкесін аямай соққыға жыққан қала тұрғыны осыған дейін сотталған болып шықты.

Полицияның мәліметінше, Ақмола облысында отбасында қария адамдарға зорлық-зомбылық көрсету оқиғалары азаймай тұр.

«17 сәуір күні түскі уақытта әке мен баланың арасында кикілжің болып жатқаны хабарланды. Дереу оқиға орнына жеткен жедел тергеу тобы жанжал кезінде 49 жастағы бұрын сотталған баласы 81 жасқа келген әкесіне ауыр дене жарақаттарын салғанын анықтады. Ақсақал ауруханаға түскен», – деді Ақмола облысы полиция департаментінің баспасөз қызметінің жетекшісі Гүлнәр Пинчук.

Полиция өкілі мас күйде және отбасылық-тұрмыстық жанжалдар кезінде туындайтын ауыр және аса ауыр қылмыстардың алдын алу мақсатында учаскелік полиция инспекторларымен және облыстың ювенальды полиция топтарымен рейд шаралары тұрақты ұйымдастырылатынын атап өтті.

«Тек жыл басынан бері ғана өз отбасыларында төбелес шығарған үшін 232 адам әкімшілік жауапкершілікке тартылса, денсаулыққа қасақана жеңіл зақым келтіргені үшін 150 әкімшілік хаттама толтырылды. Сонымен қатар 73 ақмолалық өз жақындары мен туыстарын соққыға жыққаны үшін жауапкершілікке тартылды», – деді Гүлнәр Пинчук.

Қазір жасы келген қарияны соққыға жыққан ұлға қатысты қылмыстық кодекстің 107 бабының 1 тармағына «Денсаулыққа қасақана орташа ауыр залал келтіру» бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды.

- Жарнама -spot_img

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Балалар дұрыс сөйлеуді үйренуге арналған шеберлік сабағы

"Көкше" мәдениет үйінде  "Сахна тілі" және әдеби оқу үйірмелерінің жүргізушілері Амина Касенова мен Алена Тищенко балалардың сауатты сөйлеуі мен...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img