spot_img
Дүйсенбі, Желтоқсан 22, 2025
-12.4 C
Kokshetau

Көкшетауда балкон құлап үйдің жанында тұрған үш бірдей көлікті қиратты

Сондай-ақ...оқыңыз

Бес қабатты тұрғын үйлердің бірінің балконының күнқағары құлап түсіп ол үйдің біршама кірпіш бөлігін де қоса түсірді, деп хабарлайды «Aqmola News».

Кеше күндізгі сағат 14.42 шамасында Көкшетау қаласы Кенесары көшесі 25 үйдің (Абай көшесі 46) бес қабатты тұрғын үйдің 10 пәтеріндегі балконның күнқағары құлап түскен. Онымен бірге біршама кірпіштер де құлаған.

«Облыстық төтенше жағдайлар департаментінің күш-құрылымдарымен бесінші қабаттағы балкон деңгейінде ескі беткі кірпіштерді бұзу бойынша апаттан құтқару жұмыстары жүргізілді. Абырой болғанда зардап шеккендер болған жоқ» деді Ақмола облысы ТЖД баспасөз қызметінен.

Осыған қарамастан үй маңындағы үш бірдей автокөлік зақымдалған болып шықты.

Басқарма органына шұғыл тәртіпте тұрғындарды жинап жалпы жиналыста тұрғын үйді жөндеу, тұрғын үй нысанына осындай жағдайдың алдын алу бойынша тексеріс жүргізу, шатырдан су ағатынына ревизия жүргізу туралы тапсырма берілген.

- Жарнама -spot_img

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Ақмола облысында кәсіби мереке қарсаңында үздік энергетиктер марапатталды

Көкшетау қаласында Энергетиктер күніне арналған салтанатты іс-шара өтті. Мерекелік жиын барысында сала қызметкерлеріне Ақмола облысы әкімінің және Қазақстан Республикасы...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img
Яндекс.Метрика