spot_img
Бейсенбі, Қараша 20, 2025
2.2 C
Kokshetau

Қаулыға қосымша толықтыру: мешіттер мен ғибадатханалардың жұмысына рұқсат берілді

Сондай-ақ...оқыңыз

Ақмола облысының бас санитарлық дәрігері Айнагүл Мусинаның шектеу шараларын күшейту туралы қаулысына толықтырулар енгізілді. Онда діни нысандардың қызметіне рұқсат етілген, деп хабарлайды «Aqmola News».

Ақмола облысының бас мемлекеттік дәрігерінің 08 сәуірдегі «Ақмола облысының аумағында шектеу карантиндік шараларын күшейту туралы»қаулысына бірқатар өзгерістер енгізілді.

«Діни нысандардың (мешіттер, шіркеулер, соборлар, синагогалар және т.б.) қызметіне рұқсат етіледі, бір адамға кемінде төрт шаршы метр. Ұжымдық Құдайға құлшылық ету және бұқаралық іс-шаралар, оның ішінде «жұма», «тарауих», «айт» намаздары мен «ауыз ашар», сондай-ақ Пасханы мерекелеу кезеңінде салтанатты құдайға құлшылық ету мен іс-шаралар өткізілмейді. Оларда орналасқан қоғамдық тамақтандыру объектілерінің жұмысына тыйым салу сақталады», – делінген қаулыда.

Ақмола облысының қалалары мен аудандарының бас дәрігерлері қалыптасқан эпидемиологиялық жағдайға байланысты карантиндік шараларды қатаңдату туралы шешім қабылдауға құқылы.

- Жарнама -spot_img

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Авторлық құқықтың негізгі объектiлерi

Авторлық құқық және сабақтас құқықтар азаматтық-құқықтық институты әдебиет, ғылым және өнер туындыларын жасау және пайдалану саласындағы мүліктік емес қатынастарды...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img
Яндекс.Метрика