spot_img
Сенбі, Қараша 23, 2024
-7 C
Kokshetau

Коронавируспен ауырғандар саны барлық аймақта өсіп жатыр – Алексей Цой

Сондай-ақ...оқыңыз

Қазақстанның «қызыл аймаққа» енгеніне 12 күн болды. Сондай-ақ еліміздің 8 аймағы – Нұр-Сұлтан, Алматы қалалары мен Атырау, Батыс Қазақстан, Алматы, Ақмола, Қарағанды және Ақтөбе облыстары «қызыл аймақта» тұр. Бұл туралы Үкімет отырысында Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой айтты, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі.

«Сары» аймақта жеті өңір бар – Шымкент қаласы, Солтүстік Қазақстан, Жамбыл, Маңғыстау, Қызылорда, Қостанай және Павлодар облыстары. «Жасыл» аймаққа тек Түркістан мен Шығыс Қазақстан облыстары ғана енді.

«Сәуір айында эпидемиологиялық жағдайдың нашарлауы байқалады. Мәселен, сәуірдің соңғы 11 күнінде КВИ-дің 24 955 жағдайы тіркелді. Наурыз айының басындағы көрсеткішпен салыстырғанда, аурудың үш есе өсуі байқалады. Тәулігіне 2 800-ге дейін науқас тіркеліп жатыр. Қостанай және Түркістан облыстарын қоспағанда Қазақстанның барлық өңірлерінде науқастар саны көбейіп жатыр. Бұл ретте ел бойынша сырқаттанушылықтың 61% -ы үш өңірге – Нұр-Сұлтан, Алматы қалалары мен  Алматы облысына тиесілі», – деп хабарлады Алексей Цой.

Аурудың өсуімен қатар өлім жағдайлары да көбейген. Мәселен, наурыз айында ақпан айымен салыстырғанда КВИ-дан қайтыс болғандар саны 1,4 есе өсті. Бұл ретте өлім жағдайларының 57%-ы үш өңірге – Нұр-Сұлтан, Алматы қалаларына және Алматы облысына тиесілі.

- Жарнама -spot_img

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Балалар дұрыс сөйлеуді үйренуге арналған шеберлік сабағы

"Көкше" мәдениет үйінде  "Сахна тілі" және әдеби оқу үйірмелерінің жүргізушілері Амина Касенова мен Алена Тищенко балалардың сауатты сөйлеуі мен...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img