spot_img
Бейсенбі, Қараша 20, 2025
2.2 C
Kokshetau

Целиноградта жоғалған 6 жасар қыз елордадан табылды

Сондай-ақ...оқыңыз

Ақмола облысының Қосшы ауылында жоғалған 6 жасар қыз бала елордадан табылды, деп хабарлайды облыстық ПД баспасөз қызметі.

Ведомствоның мәліметінше, Целиноград аудандық ПБ кезекшілік бөліміне Қосшы аулының тұрғыны әйел хабарласып, психикалық дертке шалдыққан 23 жастағы ұлы үйден 6 жастағы қарындасын ертіп белгісіз бағытта кетіп қалғанын айтқан.

Бұл туралы әйел әлеуметтік желіге жазба қалдырып, желі қолданушылардан көмек те сұрады.

«Полиция қызметкерлері бірнеше топқа бөлініп, іздестіру шараларын қолға алды. Нәтижесінде жас жігіт пен қыз бала Нұр-Сұлтан қаласындағы «Еуразия» сауда үйінің маңында жүргені анықталды», – деді ведомстводан.

ПД баспасөз қызметінен атап өткендей, қазіргі кезде жоғалған қыз анасымен қауышты. Оның өміріне еш қауіп төніп тұрған жоқ. Ал, оның 23 жастағы ағасына қатысты психоневрологиялық диспансерге орналастыру мәселесі қаралуда.

 

- Жарнама -spot_img

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Авторлық құқықтың негізгі объектiлерi

Авторлық құқық және сабақтас құқықтар азаматтық-құқықтық институты әдебиет, ғылым және өнер туындыларын жасау және пайдалану саласындағы мүліктік емес қатынастарды...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img
Яндекс.Метрика